Геннадий Головкин ақпан айының үздік боксшысы атанды

/uploads/thumbnail/20170708171333496_small.jpg

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) Геннадий Головкинді ақпан айының үздік боксшысы деп атады. Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеме жасап Bnews.kz хабарлайды.

Айдың үздік боксшысы атағы отандасымызға аталмыш ұйымның нұсқасы бойынша орта салмақта әлемнің уақытша чемпионы титулын сәтті қорғағаны үшін беріліп отыр. Естеріңізге салып өтсек, ақпан айында қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 72,6 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы мен Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) "уақытша" чемпионы атағын қорғаған еді. Кезекті сында Головкин Мартин Мюррейді он бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Bnews.kz

Қатысты Мақалалар