Елбасы қазақ тілінің мәртебесі мен қолданыс аясын кеңейту мәселесінде əйелдердің де маңызды рөлі жайлы жақсы айтты. Тілдің қолданыс аясы отбасындағы қазақ тілінен басталады. Айтып-айтпай, анасы қазақша мекіренген баланың қолынан ана тілінің құндылықтарын күстаналау келе қоймас. Ал, қазақша бесікке жатып, бесік жырын тыңдаған, қазақша тілі шығып, ана аузынан тіл уызына қанған, қазақша ертегі естіп, əн тыңдаған баланың орыстілді болуы мүмкін емес. Ұяда нені көрсе, соны ілетін шақалақ, қазақ тілінде қазақы мінезбен тəрбиеленсе, ол ешқашан ұлтын сатпайды, рухани байлығымызға түкірмейді. (Оразбек Сапарханның фейсбуктегі парақшасынан)