7 айда 228 оқушы қыздың жүкті болғаны не сұмдық?!

/uploads/thumbnail/20170708171335254_small.jpg

«Батысқа еліктейміз деп қаракөздеріміз бұзылып бара жатқан жоқ па?» Бұл сауал бүгінде бүкіл қазақтың ұйқысын қашырып, уайымдатып отыр. Кішкентай бұзақы ұлдарды тәртіпке сала алмай жүргенде қаршадай қыздарымыздың бірін-бірі аяусыз сабаған жантүршігерлік әрекеттері жұрттың жағасын ұстатумен келеді. Ал жеті айда 228 оқушы қыздың етегі түріліп, ана болуға аяқ басқаны не сұмдық?! Өткен жылды айтпағанда, ағымдағы алты айда 29 қылмыс оқушы қыздардың тікелей ара­ласуымен жасалғаны еріксіз жаға ұстатады. Олардың жанжал ұйымдастырып, жаға жыр­тысып, өзгелерге әлімжеттік жасап, тонау, тартып алу, күш көрсету сынды әдепсіздіктері туралы мәліметке не айтуға болады? Жоғарыда айтылған мерзім ішінде темекі мен ішімдікке құмар 315 жасөспірім тіркелсе, оның тең жартысы – қыз балалар. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов Төлеби ауданының табиғаты та­маша таулы аймағында орналасқан «Тау самалы» демалыс кешенінде өткізген кезекті «Ырыс алды – ынтымақ» атты жиынында жария етті. Сейдахметтің Ай-Нұры, Facebook-тегі парақшасынан

Қатысты Мақалалар