Өскеменде музыкалық субұрқақтар іске қосылды

/uploads/thumbnail/20180606115452869_small.jpg

Кеше Республика алаңындағы музыкалық субұрқақтар іске қосылды. Олар өзінің кестесі бойынша жұмыс істейді: сағат 09.00-ден 23.00-ге дейін.

«Өскемен Тәртіп» кәсіпорнының баспасөз хатшысы Әсел Ахметжанованың хабарлауынша, кеше тағы үш субұрқақты жазға дайындау жұмыстары қолға алынды. Атап айтқанда, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің бас корпусының, Орталық мәдениет үйінің (қазіргі «Ertis kontsert» ) алдындағы және Пермитин көшесіндегі субұрқақтар.

-Бүгін жөндеу және дайындау жұмыстары жалғасын табады. Олардың қай уақытта іске қосылатыны белгісіз. Бірақ жуық арада, — деді Әсел Ахметжанова.

Қатысты Мақалалар