Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен өткен шара «Қазақстан кітапханалары – білім орталығы» жобасы аясында тұңғыш рет тұсауы кесілді. Шараға «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалы төрағасының орынбасары Зульфия Жамалтдинова Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Анар Қуанғалиева, «Халықтық ой-сана» жазба ақындар орталығының жетекшісі Серік Молдабековтер қатысты.
-Бұл жобаның мақсаты, жас ұрпақтың бойына Отансүйгіштік сезім қалыптастыру, туған өлке тарихына деген қызығушылықты ояту болып табылады,-деді кітапхана қызметкері Мейрамгүл Махамбетова,-жоба екі бағыттан тұрды. Семей «Жас өлкетанушылар» клубы құрылды және «Тарихи-мәдени орындарға саяхат» атты жаяу жүргіншілер экскурсиясын ең алғаш рет Абай ескерткішінен бастап, ұйымдастырып отырмыз.
Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойылды. Алдағы уақытта жоба аясында тұрақты түрде қаланың тарихи-мәдени ескерткіштеріне экскурсиялар ұйымдастырылып, бірқатар шаралар топтамасы өткізілетін болмақ.