Шығыс Қазақстанда облыс әкімінің жүлдесі үшін өтетін ХХІ халықтық ойындар аясындағы футбол турнирінің іріктеу кезеңі басталды.
Биылғы додаға үш топқа бөлінген 19 команда қатысуда. Әр топтан келесі кезеңге екі-ақ командадан шығып, Өскеменде өтетін ақтық кезеңде өзара мықтыны анықтайтын болады. Төменде топтардың құрамдарын ұсынып отырмыз:
Бірінші топ: Бесқарағай, Глубокое, Ұлан, Үржар аудандары. Топ ойындары Глубокое ауылында өтеді.
Екінші топ: Аягөз, Бородулиха, Жарма, Зайсан, Көкпекті аудандары. Ойындар Аягөз қаласында өтеді.
Үшінші топ: Абай, Катонқарағай, Күршім, Тарбағатай, Шемонайха аудандары. Ойындар Ақсуат ауылында (Тарбағатай) өтеді.
Төртінші топ: Зырян, Курчатов, Өскемен, Риддер, Семей қалалары. Топ ойындары Өскемен қаласында өтеді.