Семейде Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған концерт өтті

/uploads/thumbnail/20180606151705031_small.jpg

Ұлы Жеңістің 73 жылдығы қарсаңында Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде айтулы мереке өтті. Жалынды жастық шақтарын отты жылдарға арнаған аға буын өкілдері осы білім ордасында қонақта болып, оқушылардың арнайы дайындаған коцерттік бағадарламасын тамашалады.

Мектеп шәкірттерінің театрландырылған әдеби — сазды кешіне Әбдіғали Қаймолдин, Петр Коломин,Ғабдулғазиз Ахмеров сынды қарт жауынгерлерден бөлек, Семей қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Амантай Доғалақов та қатысты. Мерекелік концерт аясында ән мен биден шашу шашылып, соғыс жылдарына арналған жыр шумақтары оқылды. Жоғары сынып оқушылары әскери қоян-қолтық ұрыс жаттығуларын көрсетіп, кеш төменгі сынып ұлдарының «День Победы» әнімен қорытындыланды. Шара соңында барлығы есетелік суретке түсіп, дана қарияларымыз оқушыларға өздерінің ризашылықтарын білдірді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар