Алматыда «Мерейлі Отбасы» ұлттық байқауының бірінші кезеңі өтті

/uploads/thumbnail/20180608171758009_small.jpg

Сәуір айының 1-30 аралығында Алматы қаласының аудандарында «Мерейлі Отбасы» ұлттық байқауының бірінші кезеңі өтті. Биыл бұл байқауға аудандар бойынша 131 отбасы қатысуға тіленк білдірсе, оның 15 қалалық байқауға жолдма алды. Солардың қатарында Алмлы ауданының Мерейлі отбаслыра да бар.

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық кезеңіне аудан бойынша 10 отбасы қатысып, аудан жұртына өздернің отбасы құндылықтарын жария етті. Мерейлі отбасына қатысу үшін ең алдымен осы шаңырақтағы әрбір адамның қоғамға , елімізге сіңірген еңбегімен қатар, б ұл –қызына берген тәлім тәрбиесі, оларды Қазақстанның ұлағатты ұл-қызы етіп тәрбиелеу жолындағы тәлім тәрбиелері де ескерілді. Байқаудың осы қатал сынынан аудандық байқауға қатысқан он отбасыынң арасынан дәрігер Аманкелді Күлімбетов пен Алтынғазы Тобатаевтпардың отбасы жүлделі орынға ие болып, Алматы қаласының «Мерейлі отбасы» байқауының қалалық кезеңіне жолдама алды. Аудандық байқаудың жеңімпазы Аманкелді күлімбетовтердің отбасына тоқталса, Аманкелді Күлімбетов балалардың оторинолог дәрігері, жұбайы Бақыт Омарова мұғалім. Екекуі бір сыныпта оқыған, махаббаттары мектеп партасынан басталған олардың отбасын құрғандарына қырық жыл . Төрт баланың ата-анасы атанған Аманкелді мен Бақыт бүгінде жеті баланың сүйікті ата -әжесі.

Суретте қалалық байқауға жолдама алған Аманкелді Күлімбетовтің отбасы.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар