Қазақстан кәсіподақтар ұйымы алда өтетін ҚР Президентін сайлау науқанында Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдайды. Бұл жайында бүгін Астанада өтіп жатқан Федерацияың атқарушы комитетінің кезекті отырысында айтылып отыр.
Қазақстанның кәсіподақтар федерациясы – еліміздің саяси-әлеуметтік қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты түзеп және оны жүзеге асырып отырған үлкен қоғамдық күш. Ол жалдамалы жұмысшылардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғауда жоспарлы түрде жұмыстар атқарып келеді. Федерация Жалпыұлттық демократиялық күштер коалициясының мүшесі ретінде елдің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласуда.
Аталған жиын барысында атқарушы комитет мүшелері алда өтетін сайлауда бірауыздан Н.Назарбаевтың кандидатурасын қолдайтынын мәлімдеп, Елбасының кәсіподақтар қозғалысының қалыптасуына және дамуына үлкен үлес қосқандығын атап өтті. Мемлекет басшысының әрбір Жолдауы елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған. Яғни, жұмыссыздардың санын қысқартып, халықтың әлеуетін арттыру басты мақсат дейді олар.