Ауа райы. Еліміздің үш өңірінде бұршақ жауады

/uploads/thumbnail/20180601125835143_small.jpg

Қазақстанның астанасы мен тағы үш өңірде күшті жел болып, найзағай ойнап, нөсер жауын жауады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидромет мәліметіне сүйеніп. 

 

Астанада 27-29 маусымда найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. 27 маусымда күндіз жел көтеріледі.

27-29 маусым аралығында солтүстіктен, солтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15 метр болатын жел соғады.

Ақмола облысында 27-29 маусым аралығында кей жерлерде солтүстіктен және солтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Екпіні 25 метрге жетіп қалады.

Кей жерлерде найзағай ойнап, күндіз жел күшейуі ықтимал. Кей жерлерге нөсер жауын жауады.

Қарағанды облысында 27-29 маусым аралығында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал.

Қостанай облысында 27 маусымда күндіз солтүстіктен жел соғады. Кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.  

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар