14 наурыз, Qamshy.kz -27 жастағы Қазақстандық қызды Үндістанның Дели қаласындағы қонақ үйлердің бірінде бейтаныс 3 ер азамат зорлап кеткен. Бұл туралы Qamshy.kz порталы The indian express.com агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Наурыздың 12-і күні түнгі уақытта Үндістан астанасы Дели қаласындағы Дели Карол Баг қонақ үйіне орналасқан Қазақстаннан барған қызды бейтаныс 3 үндіс азаматы зорлап кеткен.
Қазір Дели қаласы полициясы қазақстандық жәбірленушінің арызында көрсетілген күдікті 3 бірдей ер азаматты қамауға алған. Аталмыш қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізілуде.
Ал жәбірленуші өзінің мәлімдемесінде көрсетілгендей ол бейсенбі наурыздың 12-і күні Дели қаласындағы Дели Карол Баг қонақ үйіне орналасқанын айтқан. Ал қонақ үйдегі кешкі ас барысында кешкі сағат 22:00 шамасында ол өзін зорлаған екі азаматпен танысқан. Жігіттер көмескі ойларын жүзеге асыру үшін айлаға басып, қызды сол қонақ үйдің басқа бөлмесінде орналасқан әріптесінікіне шақырады. Алайда, кешкі астан соң, бәрі-өз жөндеріне тарқасқан.
Жәбірленуші полицияға берген жауабында ол Үндістанға жұмыс мәселесімен келгенін мәлімдейді. Ол Үндістандағы әйел азаматтардың ар-ұжданына жиі қол сұғылатынын, жас қыздардың қоғамдық орындарда жиі зорланатынынан хабары болған соң өзіне жеке такси жалдаған. Жәбірленген қазақстандық қыз полиция қыметкерлеріне өзінің қорлануына аталмыш такси жүргізушісінің де қатысы бар екенін айтқан.
Арада көп уақыт өтпей, қонақ үй қызметкері қазақстандық қыз орналасқан бөлмеден көмек сұрап, айқайлаған дауысты естиді. Қызметші бөлмеге кіргенде әбден қалжыраған жәбірленушіні көреді. Кейін қазақстандық қыз қонақ үй қызметшісіне әлде бір 3 еркектің бөлмеге басып кіріп, өзін зорлағанын айтқан. Дели Карол Баг қонақ үйінің қызметшілері дереу полицияға хабарласып, қызды Дели қаласындағы мемлекеттік ауруханаға жеткізген. Қазір аталмыш іс бойынша Үндістан заңының 376-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Нұрзат Тоғжан