16 наурыз. Qamshy.kz - Жақында экс-елші Рахат Әлиевтің Австрия түрмесінде қамауда отырған камерасының фото-суреттері ғаламторда жария болды. Рахат Мұхтарұлы Әлиевтің адвокаттары оның суицид жасағанына күмәнмен қарайтытын мәлімдеген. Алайда Австрия тарапы Әлиевтің қаза болған күні оның бөлмесіне бөгде ешкімнің кірмегенін алға тартқан. Адвокаттар Манфред, Клаус Айнедтеры және Отто Дитрих "Die Presse" басылымына берген сұхбатында "Рахат Әлиевтің өзіне-өзі қол жұмсауы мүмкін емес" деген.
(Камера есігінің ашылған және жабылған мерзімдері)
Адвокаттар Әлиевтің алдағы өтетін сот процесіне мұқият дайындалғанын айтады. "Әлиевтің жатар алдында миды тынықтыратын дәрілер қабылдауы - оның өзіне-өзі қол жұмсауына итермеледі деген тұжырым қисынға келмейді",-дейді Айнедтеры.
(Вена абақтысындағы Әлиевтің камерасы)
(жуынатын бөлмесі)
"Әлиевтің тосын қазасын өзін-өзі өлтіру фактісімен бүркемелеу шындыққа жанаспайды. Рахат ешқашан ондай қадамға бармас еді. Оның екі бірдей ұлы қалды артында. Ол балаларын қатты жақсы көретін",-дейді Рахаттың жесірі. Ал Вена түрмесінің видео-бақылау құрылғылары Рахат Әлиев қаза болатын түні оның камерасына бөгде ешкімнің кірмегенін көрсеткен. Сондай-ақ, абақты есігінде арнайы белгі беретін құрылғылар орнатылған. Аталмыш құрылғылар камера есігі ашылғандаж және жабылғанда белгі беретін.
"Wien.orf.at" сайты Рахат Әлиевтің камерасына 14 сағат бойы ешкімнің келмегенін жазады.
(Камера жоспары)
Өмірінің соңғы сәттерінде Рахат Әлиев Вена түрмесінің ем қабылдау бөлмесінде жатқан. Бқлмеде үш бірдей төсек, теледидар және бірнеше үстел орналасқан. Ал алдын ала тіркелген фактілерге сәйкес, кешкі 17:19 бен таңғы 07:26 аралығында өзіне-өзі қол жұмсауы мүмкін делінген. Сол түні Әлиевтің камерасын 3 қызметкер күзетіп тұрған. Әлиевтің жатқан бқлмесінде бейне-бақылау құрылғылары болмаған. Ал бөлме сыртындағы бақылау құрылғыларында 14 сағат бойы Әлиевтің камерасына ешкім жақындамағанын көрсеткен.
(Есік және бейне-бақылау құрылғысы)
(Бейне-бақылау құрылғысының жалпы көрінісі)
(Түрме дәлізі)
Еске сала кетейік, 24 ақпан күні экс-елші Рахат Әлиевтің Австрия түрмесіндегі өзінің камерасында өлі денесі табылған. Экс-дипломат тергеу изоляторында 2014 жылдан бері қамауға алынған болатын.
Нұрзат Тоғжан