Батыс Қазақстанда жаңа салынған мектептерде IT сынып ашылады

/uploads/thumbnail/20180719113743598_small.jpg

Батыс Қазақстан облысы әкімі Алтай Көлгінов Дариян және Шабдаржап ауылында салынған су жаңа мектеп ғимаратымен танысты, деп жазады Qamshy.kz.

Жаңа құрылыс нысандарының сапасын тексере келген өңір басшысы Алтай Көлгінов жұртшылықпен жүздесіп, ауыл халқын елде және облыс аумағында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде хабардар етті. Аудандарда «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында «Нұр Отан» партиясының қолдауымен ІТ сынып ашылады. Сондай-ақ 300 орындық мектеп-гимназия ғимараты мен 100 орындық интернат салудың құжаттамасы әзір.

Зеленов ауданына қарасты Дариян ауылы бұрын аудан орталығы болған ірі елді мекен. Мұнда былтырдан бері 300 оқушыға арналған жаңа мектептің ғи­мараты және мектеп жанынан 100 балаға лайықталған интернат үйі құрылысы жүріп жатыр. Соңғы үлгі­дегі барлық оқу құралдарымен қам­тылған мектептің ең басты ерекшелігі, мұнда облыста алғашқы болып ІТ- сынып ашылады. Ал Ақжайық ауда­нын­дағы Шабдаржап ауылы Оралдан 300 шақырым жерде жатқан шалғай елді мекен. Былтыр тамыз айында басталған 198 орындық мектеп ғимаратының құрылысы толық аяқ­талып, жаңа оқу жылына шәкірт қабыл­дауға дайын тұр.

Барлық оқу кабинеттері қажетті құралдармен жабдықталған. Соңғы үлгідегі робот-техника кабинеті, технология пәніне қолданылатын түрлі құрылғылар мен тігін машиналары тұр. Өңірдегі өзге мектептер сияқты Шабдаржап мектебінде де жаңа оқу жылында оқушылар Bilimbook компьютер-трансформерлерін пайдаланатын болады. Bilimbook – Назарбаев зияткерлік мектептері жүйесінде сынақтан өткен озық үлгілі, жаңа әдістемелі сабақтар жүк­телген компьютер-трансформер. Ол интернетке қосылмай-ақ пайдалануға жарамды. Қазақ, орыс, ағылшын тілінде бағдарламалар жүктелген Bilimbook жады 2-3 ай сайын жаңартылып тұрады.

– Елбасы жақында Орал қаласына келген сапарында өңірдегі шағын жинақты мектептер жөнінде арнайы сұрады. Өйткені облыстағы мектептің 60 пайызы шағын жинақты мектепке жатады. Біз осындай 223 мектепті Bilimbook компьютер-трансформерімен қамтамасыз ете­міз. Керек жерінде интернат салып­ жатырмыз. Алдағы 2-3 жылда өңір­де студенттерге арналған 7 жатақ­хана бой көтереді. Өңірге қажетті мамандықтарға гранттар бөлеміз. Білім мәселесі біздің ерекше назарымызда, – деді тұрғындар алдында ағынан жарылған А. Көлгінов.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар