Алматыда тілшілерге Астананың 20 жылдығына орай «Толқын» сыйлығы тапсырылды

/uploads/thumbnail/20180725110426970_small.jpg

Астананың 20 жылдық мерейтойына орай Алматыда «Қазақстан Медиа Альянсы» қоғамдық бірлестігі бекіткен радио хабар тарату саласындағы алғашқы "Толқын" сыйлығы тапсырылды.

Қазақстан Медиа Альянсы сәуірде республика аумағында әуе толқынында хабар тарататын барлық радиостансалар арасында бірінші кәсіби сыйлыққа шығармашылық байқау жариялады.

Конкурс 12 номинация - радиожурналистиканың барлық негізгі жанрлары (ақпараттық, ойын-сауық, музыкалық бағдарлама, репортаж, ток-шоу) бойынша өтті. Сондай-ақ, басқа да номинациялар: «Радиостансаны әлгері дамыту», «Эфирдегі дебют», «Үздік радиодауыс» болды. «Қазақстан радиоиндустриясын дамытуға қосқан үлесі үшін» премиясы да жеке тағайындалды.

Құрамына танымал журналистер, жетекші телерадиокомпаниялардың басшылары кірген қазылар алқасы конкурсқа жіберілген 50 шығармашылық жұмыспен танысып, он радиостансаны жеңімпаз деп таныды.

Олардың арасында - «Астана радиосы», «Радио NS», «Тенгри FM», «Қазақ радиолары», «Жаңа FM», «Classic» радиосы, «Жұлдыз FM» бар.

«Эфирдегі дебют» арнайы номинациясын «Business FM» иеленсе, Қазақстандағы жалғыз балалар радиостансасы «Starkids. FM» «Тыңдарман көзайымы» атанып, «Үздік репортаж» номинациясын жеңіп алды.

Қазақстан Медиа Альянсының басқарма төрағасы Арманжан Байтасов марапаттау рәсімін ашты. Ол медиа-қоғамдастыққа осы бастаманы ұсына отырып, Қазақстанда әртүрлі журналистік сыйлықтар, марапаттар, фестивальдер мен конкурстар көп болса да, радиожурналистика саласында бірде-бір мамандандырылған сыйлықтардың болмағаные атап өтті.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар