Шілденің 14-і күні Алматыда осы жылғы алғаш рет түнгі велошеру өтеді.
«Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында өтетін велошерудің қашықтығы 7 шақырымды құрайды. Кез келген қала қонақтары мен тұрғындары «Нұрлы Тау» бизнес орталығына кешкі 20:00-де жиналуы тиіс. Спорттық шара 20:30-да басталады.
Әуесқой велошабандоздар Әл-Фараби даңғылымен көтеріліп, Тұңғыш Президент саябағында мәреге жетеді. Мәреде қатысушылардың арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады. Басты сыйлық - велосипед.
Қатысушыларға арнайы бас киімсіз (шлемсіз) қатысуға тыйым салынады.
Айта кетер жайт, бұл велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының қолдауымен 2018 жылы жоспарланған 21 шараның оныншысы саналады.
Пікір қалдыру