Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Астана қаласының 20 жылдығына орай қала мешіттерінің жамағаты арасында 75 келіге дейін жəне 75 келіден жоғары салмақ дəрежесінде қазақша күрестен жарыс өтті.
Іс-шараға Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы А.Есенбеков, қалалық Орталық мешіттің найб имамы Е.Көкрекбаев, мешіт имамдары мен қаламыздағы мешіттердің жамағаты қатысты.
Іс-шара басында А.Есенбеков барлық қатысушыларды мерекемен құттықтап, қатысушыларға сəттілік тіледі.
Жарыста 40-қа жуық балуан күш сынасып, бабы мен бағы келіскен мықтылар жеңімпаз атанды.
75 кг дейінгі салмақ дəрежесінде:
- 1 орынды Б. Жайсанбаев ( Таугүл мешіті);
- 2 орынды Е. Сихаев ( Ақсай мешіті);
- 3 орынды Б. Динбаев жəне Т. Күзембай (Əскер ата мешіті) иеленді.
75 кг жоғары салмақ дəрежесінде:
- 1 орынды С. Қорапасбаев ( Ақсай мешіті);
- 2 орынды Д. Сейітов ( Фатима мешіті);
- 3 орынды Х. Ермекбаев (Əскер ата мешіті) жəне Ғ. Ибрагим (Ибрахим мешіті) иеленді.
1 орын иегерлеріне 250 мың теңге, 2 орын иегерлеріне 125 мың теңге, ал, 3 орын иегерлеріне 50 мың теңге берілді. Өзге де қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табысталды. Жүлде қоры 1 млн.теңгені құрады.