«Мектепке барар жол» акциясы аясында әскерилер қайырымдылық жасады

/uploads/thumbnail/20180821105851824_small.jpg

Талдықорған гарнизоны Әскери полициясы бөлімінің жеке құрамы «Мектепке барар жол» акциясы аясында тұрмысы төмен отбасына қайырымдылық шарасын өткізді. Шараның мақсаты жағдайы төмен отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету, балаларының оқуға деген ынтасын арттыру.

Биыл әскери қызметшілер тұңғыш рет мектеп табалдырығын аттағалы отырған Кенжетай Санжарды киім-кешекпен, мектепке қажетті оқу құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етті.

Санжар үйдегі 2 баланың үлкені. Одан бөлек бұл отбасында 1-топтағы мүгедек 5 жасар қыз бар. Анасы жұмыссыз.

* Әрбір көмек біз үшін қуаныш. Баламды мектепке дайындап, шығынын түгел көтеріп алу тіпті үлкен бақыт, айтар алғысым шексіз, - деді анасы Жадыра.

Талдықорғандық әскери қызметшілер аталған қайырымдылық акциясына жыл сайын атсалысады. Жағдайы төмен, тұрмысы нашар отбасылар үшін демеушілер іздестіріп, қолдарынан келгенше аянбай көмек көрсетуде. Бұл шара жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

Қатысты Мақалалар