Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары ауылдық округтерге барды

/uploads/thumbnail/20180822125655242_small.jpg

Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков А.Қалыбеков және Достық ауылдық округтерінде болып, жаңадан тағайындалған учаскелік полиция инспекторларын ауыл тұрғындарына таныстырды.

Сонымен, жаңадан тағайындалған А.Қалыбеков ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторлары:

Жүнісов Бауыржан Өскенбайұлы – полиция майоры;

Жолдасов Ғалымжан Құдайбердіұлы – полиция капитаны;

Кенжебеков Өмірзақ Әбілдаұлы – полиция капитаны;

Сонымен қатар, жаңадан тағайындалған Достық ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторлары:

Манапов Азамат Мұратұлы – полиция майоры;

Оразбаев Досанәлі Оразбайұлы – полиция капитаны;

Рахымбаев Дулат Ырысбайұлы – полиция капитаны;

Байтілеуов Алмат Тұрлыбекұлы – полиция лейтенанты;

Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары Б.Төребеков ауыл тұрғындарының қауіпсіздігі мен тыныштығын күзетуде көп еңбек ету керектігін атап өтті. Бұған дейін ауыр қылмыс орын алмаған қос округте де ауыл билерімен бірлесіп жұмыс жасау керектігін еске салды.

Қатысты Мақалалар