Алматыда футзалдан Әлем Чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтеді

/uploads/thumbnail/20180822152916245_small.jpg

19 тамыз күні сағат 12.00-де «Алматы-Арена» көпфункционалды кешенінде студенттер арасындағы футзал бойынша Әлем Чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Мұндай ауқымды оқиға ТМД аумағында алғаш рет өткізілмек.

Айта кетерлік, 2015 жылдың қазан айында Алматы қаласы 2018 жылы футзал бойынша әлем чемпионатын өткізу мүмкіндігін ұтып алды (бұдан әрі 2018 жылғы Әлем кубогы). Турнирлерге әлемнің ерлер мен әйелдер құрамаларының ең мықты командалары қатысады: Канада, Германия, Франция, Аргентина, Жаңа Зеландия, Болгария, Португалия, Польша, Хорватия, Словакия, Чехия, Ресей, Қытай, Израиль, Таиланд, Украина. Сондай-ақ, бүкіл әлемнің көптеген жанкүйерлерінің келуі.

2018 жылғы Әлем кубогының ұйымдастырушылары болып Ұлттық Студенттік футзал Лигасы мен Қазақстан Республикасының студенттік спорт Федерациясы болып табылады. Халықаралық студенттік спорт федерациясы (FISU), Қазақстан Республикасының студенттік спорт Федерациясы мен футзал бойынша Ұлттық Студенттік Лига арасындағы келісімге сәйкес, 2018 жылғы әлем чемпионатын өткізу мерзімі 2018 жылдың 19-26 тамызы аралығында белгіленді.

Бұдан басқа, ұйымдастыру комитетіне Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрлігі және Алматы қаласының Әкімдігі кіреді. Чемпионаттың халықаралық деңгейін ескере отырып, негізгі қонақтар ретінде FISU Атқарушы директоры, ҚР Білім және ғылым министрі, ҚР Мәдениет және спорт Министрі, Алматы қаласының әкімі, Қазақстан Республикасының Студенттік спорт Федерациясының Президенті, Қазақстанның басқа да жоғары лауазымды тұлғалары және халықаралық қатысушы командалардың өкілдері қатысады.

Қатысты Мақалалар