Атырауда «е-ПИК» жобасы енгізіледі

/uploads/thumbnail/20180905110519973_small.jpg

Атырауда «е-ПИК» жобасы енгізіледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында қалалық тұрғын-үй инспекциясы бөлімінің басшысы Қайрат Хабиев мәлім етті.

«Аталған жоба «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асады. Мақсаты - кондоминиум объектісін басқарушы органдар мен қала тұрғындары арасындағы дауларды азайту, ПИК қызметіне автоматтандырылған шешім енгізу. Нәтижесінде, тұрғындар үшін қызмет көрсету сапасы жақсарып, жұмыстың айқындылығы артпақ», - дейді Қ.Хабиев.

Сондай-ақ, «е-ПИК» жобасы шеңберінде атыраулықтар арнайы порталда жеке кабинет ашып, өтініштерін қалдыра алады. Сонымен қатар, жеке кабинетте ПИК хабарламаларын оқуға мүмкіндік қарастырылған.

Спикердің айтуынша, қала тұрғындары деректерін «е-ПИК» жобасына atyrau.opencity.kz сайты арқылы енгізе отырып, арыз-шағымдар, тапсырыстарын жаза алады.

Айта кетелік, бұл жобаның ұялы қосымшасы қазан айынан бастап іске қосылады деп күтілуде.

Қатысты Мақалалар