Ақтөбеден шығатын «Агрофирма Тау», «Айс» өнімдері зор сұранысқа ие

/uploads/thumbnail/20180906134650101_small.jpg

Ақтөбелік өнімдері еліміз бойынша кең сұранысқа ие. Айта кетсек, Елордаға айына 15-20 тонна сүт өнімдерін өткізіп отырған Ақтөбеде он шақты фирма бар. Аталмыш кәсіпорындар тауарларын халықаралық бөлшек сауда талаптарына сәйкес өндіруге көшті.

Ақтөбеде өндірілетін өнімдер елордамыз Астана қаласының сауда орындарына жиі жөнелтіледі. Ақтөбе облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Анар Даржанованың айтуынша, бүгінгі күні тамақ өнеркәсібі саласында ақтөбелік он шақты компания өз өнімдерін халықаралық бөлшек сауда талаптарына сай етіп шығарып отыр. Басқарма басшысы осындай компаниялардың ішінде Хромтау ауданындағы «Агрофирма Тау» ЖШС жұмысын ерекше атады. Аталған компанияның өзгелерге қарағанда маңыздылығы неде деген сауал қойғанымызда ол: «Қазір бұл компания аудандардағы шағын қожалықтардан сүт қабылдауда. Мұны өте үлкен іс деп бағалауымыз керек. Себебі, бірінші кезекте сүтті өткізіп отырған шағын қожалықтардың жұмысына қолайлы жағдай туғызып отыр. Екіншіден, компанияның өзіне де бұл тәсіл өте тиімді. Бүгінгі күні бұл компания тауарды тек Астана, Шымкент қалаларына ғана емес, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда секілді облыстарға да жеткізіп жатыр. Өзге аймақтардан да осы компанияның өніміне деген сұраныс жоғары. Компанияның ел аймақтарына өз тауарларын өткізудің тағы бір себебі — өнімнің дәмділігінде. Осылайша кәсіпорын нарықта ұтып отыр. Себебі, «Агрофирма Тау» серіктестігі өндірген өнімдердің құрамына құрғақ сүт қосылмайды.

Бүгінгі күні «Агрофирма Тау» серіктестігінде сүт өнімдерінің 25-тен аса түрі өндіріледі. Кәсіпорын базасы Хромтау ауданының территориясында орналасқан. Аудандағы сүт зауыты өз жұмысын 2015 жылы қыркүйекте бастады. Зауытта күніне 15 тонна өнім өндіріледі. Серіктестікте 70-тен аса адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Оның көпшілігі — жергілікті тұрғындар.

Бір айда Астана қаласына 15-20 тонна көлемінде сүт өнімдері жеткізіледі екен. Әсіресе, астаналық тұтынушылар кәсіпорынның майлылығы 20 пайыздық қаймаққа жиі тапсырыс беруде. Мұндағы сүт өнімдері рефрижераторлармен және арнайы мұздатқышы бар фуралармен өзге өңірлерге жеткізілуде.

— Сондай-ақ Ақтөбедегі «Рокс» компаниясының шығаратын өнімі жоғары сапаға әрі сұранысқа ие. Бүгінгі күні «Рокс» өндіретін өнімдерді астаналықтардың тұтынып жатқанына бірнеше жылдың жүзі болды.

Астана — үлкен мегаполис. Бұл — өз өнімі өтімді, нарыққа сай келетін компаниялар үшін үлкен мүмкіндік туғызатын шаһар. Бүгінде «Агрофирма Тау», «Айс», «Жаңа Әлжан» секілді Ақтөбедегі өзге де компаниялар өз өнімдерін Астана, Алматы қалаларына өткізіп отыр. Себебі Еуропа қайта құру және даму банкінің көмегімен мұндай кәсіпорындар өнімді заман талабына сай етіп шығарды,- дейді басқарма басшысы.

Қатысты Мақалалар