Қазақстандағы сапар барысында Корея Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Ким Дэ Сик Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевпен кездесті.
Дипломат Атырау қаласына тхэквондодан алғашқы Ашық Азия чемпионатының салтанатына қатысу үшін келген болатын. Екі елдің спорттық жетістіктері кездесудегі негізгі талқылаулардың бірі болды.
- Атырауға қонақ болғаныңыз үшін сізге алғыс айтамыз. Мұнда алғаш рет тхэквондодан Ашық Азиялық чемпионат өтіп жатыр. Азияның тхэквондо бірлестігінің президенті Кю Сэок Лиді қарсы алғанымызға қуаныштымыз. Спорттық жарыстар халықтар мен мемлекеттерді жақындастыруға үлесін қосады,-деді Нұрлан Ноғаев. - Бұл спорт түрінде спортшыларымыз тамаша жетістіктерге жетті. Оның бірі,Индонезиядағы Азия ойындарында күміс жүлдегер атанған Жансель Дениз.
Облыс әкімі көптеген спорт түрлерінде қазақстандық спортшылардың осындай жетістіктерінің бар екенін атап өтті.
- Дұрыс айтасыз. Спорт бұл елдер мен халықтарды біріктіреді. 2018 жылы Пхенчхан қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындарында бүкіл әлемге спортты біріктіретін фактор көрсетілді, - деді Ким Дэ Сик. - Егер экономикадағы қарым-қатынасымыз туралы айтсам, сіздің елдің және аймақтың экономикасына Оңтүстік Корея бизнесінің қосқан үлесін атап өткім келеді. Қазіргі таңда, біздің компаниямыз облыстың мұнай өнеркәсібінде жұмыс істейді, медицина саласын дамыту үшін көптеген жобалар дайындаған. Атырау инвестиция үшін болашағы жарқын аймақтардың бірі және Қазақстан экономикасын дамытуда үлкен рөл атқарады.
Дипломат жастардың Кәріс тілін үйренуге қызығушылығын атап өтті, бұл Атырау мемлекеттік университетінің студенттерімен кездесуде айтылған болатын.
- Біз студенттерге қажетті білім беру материалдарын ұсынуға дайынбыз. Біз Қазақстан президенті жүргізіп отырған саясаттың көп ұлтты мемлекетте бейбітшілік пен келісім орнатуға бағытталғанын білеміз , - деп атап өтті елші.
Облыс әкімі өз кезегінде Елбасының мемлекет бейбіт елдің дамуы үшін барлық қажетті жағдайлардың жасалғанын айтты. Қазақстанда тұратын 130 ұлттың құқықтары мен міндеттері тең.
- Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатының арқасында Қазақстан әлемде лайықты орын алды. Біз инвестициялар және бірлескен жобаларға дайынбыз. Қолайлы инвестициялық ахуал экономиканың түрлі салаларында көптеген жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, - деді Нұрлан Ноғаев. - Біз сіздің елдің инвестициялық жобаларын талқылауға және қолдауға дайынбыз. Жаңа өндірістерді дамыту үшін барлық алғышарттар бар.
Атап өткендей, Корея Республикасының делегациясы тхэквондодан алғашқы ашық Азия чемпионатының салтанатына қатысатын болады. Токиода өтетін Олимпиадаға лицензия алу үшін 400-ге жуық спортшы күресуге дайын.
Пікір қалдыру