Атырауда ҚР мемлекеттік күзет қызметі Президенттік оркестрі мерекелік концертін қойды

/uploads/thumbnail/20181004113800336_small.jpg

Мерекелік шара 1000-ға жуық көрермен жинады. 
Кеше Атырау xалқы алғаш ҚР мемлекеттік күзет қызметі Президенттік оркестрінің музыкалық бағдарламасына куә болды. Шара Республикалық конкурстар лауреаттарының орындауында 16 әннен тұратын музыкалық бағдарламаны ұсынды. Аталмыш бағдарлама "Кең далам", "Менің жерім, менің елім", "Елбасы", "Ұлы дала" т.с.с әндерден құралған. 
Шара соңында сөз алған обылыс әкімі Нұрлан Ноғаев Астанадан келген барша делегацияға облыс атынан алғысын білдірді.
-Мен өз тарапымнан ҚР Президентінің кеңсе басшысы Махмұд Базарқұлұлына, кітапхана ұжымына, Президент оркестрінің басшылығына, ұжымына елге қош келдіңіз дей отырып, арқалап келген ыстық ықыластарыңызды атыраулықтар жылы қабылдады деп сенім білдіремін. Көрме аясында Президент оркестрінің тамаша музыкалық кешін тамашаладық. Атыраулықтар атынан үлкен ризашылығымды білдіремін. Президент оркестрі өзге мемлекет, әлемдік державалар басшылары келгенде өз өнерлерін көрсетеді. Елбасы нұсқауымен оркестрдің біздің жерімізге келіп өнер көрсетуі үлкен абырой. Баршаңызды көрмені тамашалауға шақырамын. Көрмеде бұрын-соңды болмаған ақпараттармен танысып, Елбасының елге, жерге деген ниетінен туындаған игі істері туралы мағлұмат ала аласыз,-деді өңір басшысы.
Айта кетейік, кеше 18 қыркүйек күні Атырауда " Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам" Елбасының көшпелі қор көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрмені Ш.Сариев атындағы облыстық мұражайда 2 ай көлемінде тегін тамашалауға болады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар