Түркістан қаласында қазіргі таңда 162 мың халық тұрады. 8 мыңнан аса тұрғын баспана кезегінде тұр. Осыған орай қалада 660 пәтерлі 11 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр.
Шаһардағы жаңадан құрылған «Отырар» ықшам ауданында жүз гектар жер бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды.
Қазір «Отырар» ықшам ауданында құрылыс қалай жүріп жатыр? Қанша үйдің іргетасы қаланды?
Облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Тоқтар Үсіпәлиевтің сөзінше, «Отырар» мөлтек ауданында бой көтеріп жатқан баспаналар «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып отыр. Бес қабатты үйлердің әрқайсысы 60 пәтерлі болады. 4 млрд 102 млн теңгеге салынып жатқан баспаналар бірінші кезекте әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға, апатты үй тұрғындарына және бюджеттік сала қызметкерлеріне берілмек.
Әр үйде 60 пәтерден болады. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан баспаналардың барлығы 5 қабатты, ал жобалық сметалық құны 4 млрд 102 млн теңге. Жаңа пәтерлер, алдымен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға, апатты үй тұрғындарына және бюджеттік сала қызметкерлері мен тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға беріледі.
Айта кеткен жөн, қазір Түркістанда 8 мыңнан аса тұрғын баспана кезегінде тұр. Сондай-ақ жеке инвестордың есебінен 360 пәтерлі 6 несиелік тұрғын үй бой көтереді. Бұдан бөлек тағы да 540 пәтерлі 9 үйдің инфрақұрылымдық желілері тартылып жатыр. Бұл баспаналардың барлығы келесі жылы толық аяқталып, ел игілігіне беріледі. Сол кезде 1560 отбасы қоныс тойын тойлайды.
“Қазіргі уақытта Түркістан қаласында 162 мың халық тұрады. 2035 жылы Түркістан қаласының халқы 350 мыңға жетеді деген болжам бар. Ал 2050 жылы 500-ға жетпек. Ол дегеніміз кем дегенде 200 мың пәтер. Осы уақыттың арасында 1 млн 400 мың шаршы метр тұрғын үй соғуымыз керек деп жоспарлап отырмыз”, - деп мәлімдеді облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Тоқтар Үсіпәлиев.
Сондай-ақ жылдар бойы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар қол жеткізеді. Бұдан бөлек облыс орталығында жеке инвестордың есебінен 360 пәтерлі 6 несиелік тұрғын үй бой көтереді. 9 үйдің құрылысы басталмақ. Қазір үй салынатын орындарға инфрақұрылымдық желілері тартылып жатыр. Жаңа баспаналарға тұрғындар келер жылы кіреді деп күтілуде. Осы жұмыстар толығымен аяқталға 1560 отбасы баспаналы болмақ.
Бұдан өзге, тұрғын үй құрылысы аудандарында инженерлік коммуникацияларды жайластыру бойынша 2018 жылы облыста мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен 9 нысанның құрылысы жүргізілуде.
Сондай-ақ, Түркістан облысын перспективалық дамыту бойынша Түркістан қаласының бас жоспарын қайта әзірлеу бойынша ағымдағы жылдың 12 шілдесінде халықаралық конкурс жарияланған болатын.
ҚР Үкіметінің 22.06.2018 жылғы № 372 қаулысымен бекітілген "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында ағымдағы жылы Түркістан облысы үшін тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспары 344,7 мың шаршы метр болып белгіленген. 2018 жылдың 6 айдың қорытындысы бойынша 202,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 30 пайызға артқан.
Облыста 2018 жылы қаржыландырудың барлық көздері арқылы 79 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жыл қорытындысымен 35 үй пайдалануға беріледі. Құрылыс жұмыстарының нақты көлемі индексі бойынша 2018 жылдың жоспары – 140,8 млрд. теңге. Бұл меже 6 айдың қорытындысы бойынша 117,8 пайыз орындалды.
Пікір қалдыру