Еуропарламент делегациясы Қазақстанға ресми сапармен келді

/uploads/thumbnail/20181008170520241_small.jpg

Бүгін Астана қаласында Орталық Азия елдеріне турне шеңберінде сыртқы істер  жөніндегі Еуропаламент делегациясының ресми сапары басталды. Еуродепутат Кристианом Дан Предойдың басшылық етуімен делегация Астана және Алматы қалаларына баруы жоспарланған. Сапар барысында ҚР Парламенті, ҚР Сыртқы Істер Министрлігі, ҚР Бас Прокуратурасы, ҚР Қоғамдық даму министрлігі және Қазақстанның бірқатар ғылыми-аналитикалық институттары мен университеттерінде кездесулер өткізіледі.  

Тараптар ЕО мен Қазақстан арасындағы парламентаралық әріптестіктің бірқатар маңызды мәселелерін талқылайды, соның ішінде – саяси және экономикалық реформалар, заң үстемдігі, сауда және экономикалық әріптестік және халықаралық күн тәртібінің мәслелері.  Сонымен қатар, талқылаулар адам құқықтары мен азаматтық қоғамды дамыту, білім беру және ғылыми-зерттеу мәселелері сияқты бірқатар ынтымақтастық секторларын қамтиды. Сондай-ақ, энергетика, көлік және қауіпсіздік, терроризм, шекараны басқару және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес мәселелері қарастырылады.

"21 желтоқсан 2015 жылы қол қойылған Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім – ЕО мен ЕО-ға мүше мемлекеттер және Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудағы маңызды меже. Жаңа Келесім демократия мен заң үстемдігі, және азаматтық қоғаммен ынтымақтастық мәселелерені аса көңіл бөледі. Келесімнің сауда бөлімі бизнес өкілдеріне реттеуші ортаны жақсартуға бағытталған. Сонымен қатар, Қазақстан ЕО-ның Орталық Азиядағы осындай жаңа буындағы келісімге қол қойған бірінші серіктесі", – деп атап өтті делегация басшысы Кристиан Дан Преда.

2018 ж. 2 ақпанда Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатлығанына 25 жыл толды. Аталған ширек ғасыр барысында өзара ынтымақтастықтың берік негізі қаланды. Астанада, ЕО пен Қазақстан Республикасының арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісіміне (КӘЫК) 2015 жылдың 21 желтоқсанында қол қойылды.  КӘЫК-нің негізгі бөлімдері 2016 жылдың 1 мамырынан бастап уақытша күшіне ене бастады. Келісім 29 саладағы ықпалдастық аясын кеңейтіп, ЕО пен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық, энергетика, көлік, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі, жұмыспен қамту, еңбек қатынастары,   мәдениет, білім және ғылыми зерттеу салаларындағы ықпалдастыққа жол ашты. 1991-2014 жж. аралығында ЕО Қазақстанда жалпы сомасы 180 млн құрайтын 350-ден астам жобаны тікелей қаржыландырды. Бұл жобалар ҚР Үкіметінің әр түрлі министрліктері, ведомстволары мен комитеттеріне саяси кеңес және техникалық көмекке бағытталды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар