«Қазақстан – 2050 Стратегия: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясында Президент Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тілдің қолданылу саласын кеңейтуді елдің әрі қарай даму артықшылықтарының бірі ретінде атады. Көптілділіктің мәнін Қазақстанның сөзсіз артықшылықтарының бірі ретінде атай отырып, Президент осы жүйенің ұлтты берік әрі мығымдайтын стержені мемлекеттік тіл болып табылатынын көрсетті.
Мемлекеттік тілді дамыту үшін «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» жобасы әзірленді. Жобаны әзірлеу кезінде 30 шет елдердің тіл саясатын құқықтық реттеу тәжірибесі зерделенді. Бағдарламада көзделген барлық іс-шаралар мемлекеттік тілді ұлттық бірлікті нығайтудың маңызды факторы ретінде дамытудың басымдығына негізделген және азаматтардың рухани-мәдени және тілдік қажеттіліктерін толыққанды қанағаттандыруға бағытталған.
Мемлекет әр азаматтың қазақ тілінде оқуына мүдделі. Бұл үшін мемлекет өз азаматын қазақ тіліне оқытуға қомақты қаражат бөлуде.
Қазақ тілін оқыту жөніндегі курстар
Қазіргі уақытта республиканың барлық өңірлерінде және Астана, Алматы қалаларында тегін оқытатын 87 мемлекеттік орталық бар. Барлық өңірлерде орналасқан мемлекеттік орталықтарда мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, жұмыссыздар, уақытша жұмысссыздар, зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер, оралмандар оқи алады. Курстар халықтың ересек топтарына арналғанын атап өтеміз.
2016 жылы 78 157 тысмың. Адам тілдерді оқыту курстарынан өтті, оның ішінде 70 мың адам қазақ тілі курстарында оқыды. Қазақ тілін меңгеру деңгейі ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша анықталады. 2011-2015 жылдары осы жүйе бойынша 130 000 жуық адам өтті. 2016 жылы КАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеуден 73 732 мың. адам өтті, оның ішінде 39 мыңнан астам мемлекеттік қызметшілер.
Мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі іс-шаралар
ҚР тілдерді дамыту және қолдану мемлекеттік бағдарламасының 2017-2019 жылдарға арналған даму бағдарламасына сәйкес, жыл сайын тұрақты негізде республикалық конкурстар өткізіледі, осылайша мемлекеттік тілді БАҚ насихаттау, республиканың жастары арасында үштілдікті іске асыру мақсатында, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білу бойынша «Тіл шебері» республикалық конкурсы, «Тілдарын» республикалық олимпиадасы өткізілді.
Қазақстан халқының тілдері фестивалі шеңберінде мәнерлеп оқу шеберлері арасында «Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлігі» республикалық конкурсы өткізілді.
Сондай-ақ, «Түп-тамыры ежелгі әліпби: жалпы түріктік сәйкестігінің берік негізі» халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту және ілеспе-аудармашылардың дағдыларын арттыру мақсатында, қазақ тілінен орыс тіліне, орыс тілінен қазақ тіліне ілеспе аудару шеберлік-класы өткізілді. Орыс тілді азаматтар арасында мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінің мәртебесін арттырумақсатында Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» жобалары бойынша барлығы 36 іс-шара өткізілді.
Қазақ тіліне қашықтан оқыту
www.kazakhtest.kz ресми сайтында онлайн режимде қазақ тілі бойынша өз біліміңізді тексеруге болады.
Бұл ауызша сөйлеу тілін дамытуға арналған платформа. Курс қазақ тілінде оңай сөйлеуге және түрлі коммуникативтік жағдайларда сұхбаттасты түсінуге көмектеседі.
Мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту, тілді қашықтан оқу үшін жағдайлар жасау мақсатында, «Тilalemi.kz» порталы, сондай-ақ «Atau.kz» бірыңғай ономастикалық, «Emle.kz» - орфографиялық, «Termincom.kz»- терминологиялық базалар жұмыс істейді. Мемлекеттік тілді оқыту бойынша ең жаңа әдістеме негізінде «Қазақ сөзі» ( 500 және 900 сөзден тұратын) оқу құралдары әзірленді.
Орталық коммуникациялар қызметінде Мемлекеттік тілді дамыту қорының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында әзірлеген цифрлық жобасы — «RESMIHAT.KZ» онлайн-порталының тұсаукесері өтті. «RESMIHAT.KZ» ақпараттық-анықтамалық порталының мақсаты – мемлекеттік басқару, әкімшілік аумақтық басқару жүйелері мен қоғамның түрлі қызмет салаларындағы мамандарды іс-қағаздарын қазақ тілінде әзірлеуге үйрету-дағдыландыру болып табылады. Порталда іскери хат алмасу тілі мен ерекшеліктеріне, ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттаманы толтыру, ақпараттық анықтамалық құжаттарды жүргізу ережелеріне, құжат мәтіндерін біріздендіруде тілдік құралдарды дұрыс қолдану қағидалары мен тілдік емлелеріне ерекше көңіл бөлінеді.
Жаңа сөздер қазақ тілінде қалай пайда болады?
Жаңа сөздер ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық терминологиялық комиссия бекіткеннен кейін ресми мәртебеге ие болады. Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес Терминологиялық комиссия 2016 жылы іс-қағаздарында пайдаланылатын 5000 астам терминдерді бекітті.
Қазіргі уақытта Комиссиямен бекітілген реттелген терминологиялық қор шамамен 18000 терминді құрады.
Пікір қалдыру