«Азаматтарға арналған үкімет» Алматыда миграциялық халыққа қызмет көрсету орталығын ашты

/uploads/thumbnail/20181009092928959_small.jpg

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ҚР Ішкі істер министрлігімен бірлесіп Алматы қаласында миграциялық халыққа қызмет көрсету орталығын ашты.

Қалада жылдың басынан бері миграция бағыты бойынша  50 мыңнан аса қызмет көрсетілген. Енді еңбек мигранттары мемлекеттік қызметтерді халыққа қызмет көрсету орталықтарының стандартына сай «бір терезе» қағидаты бойынша ала алады.

Бұл - еліміздегі көші-қон қызметтерін көрсететін  үшінші орталық, алғашқысы осы жылдың басында Астанада, екіншісі шілде айында Шымкентте  ашылған болатын.

Бұрын шетелдіктер жұмыс істеуге рұқсат алу үшін қажетті құжаттарын рәсімдеп, бірнеше күн жүретін. ЖСН алып, салық мәселесін шешіп, медициналық тексерістен, дактилоскопиядан өтіп, сақтандыру анықтамасына қол жеткізу үшін бірнеше мекемені аралауға мәжбүр еді. Енді шетелдіктер құжаттарды бір жерде, бір сағаттың ішінде рәсімдеу мүмкіндігіне ие болды.

«Миграциялық ХҚО-да шетел азаматтары мемлекеттік қызметтерді белгіленген уақыт ішінде регламентке сай бизнес үрдіс және электрондық кезек арқылы арнайы жабдықталған жұмыс орындарында ала алады. Бұл мигранттар үшін ғана емес, жұмыс беруші үшін де өте қолайлы. Жаңа миграциялық ХҚО жұмыс барысын жеңілдетіп қана қоймай, сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын-алуға жол ашады», - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Ғалым Қарқынбаев.

Жаңа фронт-кеңсе Алғабас-1 ықшамауданы, «Атлетикалық қалашықта» ауданы 576 шаршы метр, заманауи ғимараттың екінші қабатында орналасқан. Орталықта мемлекеттік корпорацияның 31 маманы таңғы сағат 09.00-ден кешкі сағат 18.30-ға дейін, түскі үзіліссіз, күніне шамамен 1,5 мыңдай азаматқа қызмет көрсетеді. 

Ағымдағы жылдың қаңтар айында ҚР Үкіметінде өткен баспасөз қызметінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басшысы Абылайхан Оспанов «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы биыл шаһарда бірыңғай Көші-қон мәселесімен айналысатын Халыққа қызмет көрсету орталығын (ХҚКО)  ашатын болады деп мәлемдеген болатын.

Соның өзінде мұндай ХҚКО қазірдің өзінде елордамыз Астанада ашылып үлгерген. Ендігі жерде ондай орталықты Алматыда ісе қосылды.

Осыны атап өткен А.Оспанов одан әрі өз сөзінде «Ендігі жерде көші-қон полициясы атқаратын барлық жұмыстар осы Көші-қон ХҚКО-нан өтетін болады. Осы ретте біз бұл қызметті алдын-ала оңтайландыру мақсатында терең талдап-тара­зыладық. Бұл жұмыстар алдағы уақытта Қазақстан аумағында шетелдік азаматтардың түрлі жағдаймен болуын айтарлықтай жеңілдетпекші. Осыған байланысты, бұрын шет ел азаматынан елімізде жұмыс істеуге рұқсат алу үшін – алдымен ЖСН, салық өтініші, сақтандыру секілді түрлі қызмет­терден түрлі құжаттар талап етілетін болса, ендігі жерде мамандандырылған ХҚКО-ның арқасында оның бәрін «бір терезе» қағидатымен жүзеге асыратын боламыз», – деген еді.

Нәтижесінде, Қазақстанға түрлі мәселелермен келген шетелдіктер елімізде өз қалауымен емін-еркін  жүре алатын болады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар