Тілдерді дамыту мен қолданудың 2017-2019 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспары шеңберінде және Қазақстан халқы тілдерінің XІХ республикалық фестивалі аясында Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен 22 тамыз - 22 қыркүйек аралығы «Тілдер айлығы» болып жарияланды.
Бұл туралы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мониторинг және талдау бөлімінің басшысы Қымбат Сәкенова хабарлады.
«Тілдер айлығы ресми түрде ағымдағы жылдың 22 тамызында басталды. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы негізінде ұлттық рухымызды мәңгі есте сақтау мақсатында жыр-дастандармен және Абайдың қара сөздерін нақышына келтіріп жатқа оқитын Д. Асеновтің «Мен Абайды оқимын!» атты ағартушылық-поэзиялық кешімен ашылды. Аталған шараға «Ардагерлер үйі» облыстық орталығы, «Замандас» ардагерлер клубы және «Қазақ тілі» қоғамының мүшелері қатысты», - дейді Қымбат Сәкенова.
Жалпы айлық шеңберінде облыс қала, аудандарында 200-ден астам іс-шара ұйымдастырылатын болады. Оның ішінде көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы, «Тілдарын» олимпиадасы, «Мемлекеттік тілде ең үздік қызмет көрсету» және «Алаш арыстары» жас ақындар мүшәйрасы және тағы басқалары. Тілдер айлығы 2017 жылғы 22 қыркүйекте «Тіл - достық құралы» атты концерттік бағдарламамен аяқталады.
№ 15 мектепте "Тілдер айлығы" жалғасуда. Қазақ тілі мұғалімдері: Г.Ə.Уəлиханова жəне Р.М.Шарбақбаева бүгін, 5 қыркүйек 7-10 сыныптарға Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне байланысты "Сөз өнері" мəнерлеп оқу сайысы өтті. Оқушылыр белсенді қатысып, Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдерін оқыды.
Пікір қалдыру