«Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облысындағы филиалына жаңа басшы тағайындалды. «Маңғыстау» арнасын енді Меруерт Құмарова басқармақ.
Аймақтарды дамыту бойынша Басқарма төрағасының орынбасары Серік Егізбаев ұжымға жаңа директорды таныстырды.
Ол 2004 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған.
2004-2009 жылдары «31 арнада» журналист, «Қазақ радиосында» редактор-жүргізуші болып қызмет еткен.
2009-2010 жылдары «7 арнада» ақпараттық қызметтің продюсері, «Астана» телеарнасының редакторы болды.
2010-2014 жылдары «Хабар» АҚ телевизиялық жобалар мен деректі фильмдер жқніндегі продюсері болды.
2015-2016 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің бас сарапшысы қызметін атқарған.
2016-2017 жылдары ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің БАҚ саласындағы мемлекеттік ақпараттық саясат департаментінің медиа аналитика басқармасының басшысы қызметін атқарды.
2017-2018 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ өндірістік орталығының диркторы, «Қазақстан» ұлттық телеарнасы директорының орынбасары қызметін атқарған.