Ақтауда қарашада 400 орындық жатақхана құрылысы басталады

/uploads/thumbnail/20181022160517233_small.jpg

Бұл жөнінде Маңғыстау облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлыбек Қойжанов аппарат жиынында мәлімдеді.

Ол Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасын» жүзеге асыру мақсатында қолға алынған жұмыстар жайында мәлімдеп, бірнеше жұмыс жоспарын таныстырды.

Нұрлыбек Қойжановтың айтуынша, облыстағы 27 колледжде (16-сы мемлекеттік, 11-і жекеменшік) 21244 студент білім алып жатыр. Ал студенттердің жатақханаға қажеттілігі 1800 орынды құрайды.

Осыған орай, Ақтау қаласынан 3б ш/а 52а ғимаратында 200 орынға арналған жатақхананы республикалық бюджет есебінен сатып алу рәсімдері жүргізілуде.

Осы ғимараттың жанынан тағы 400 орындық жатақхананың құрылысын қараша айында бастау жоспарланған. Нысан құрылысы МЖӘ негізінде жүргізілмек.

«Бұдан өзге МЖӘ арқылы 500 және 300 орындық екі жатақхана, сондай-ақ мемлекеттік бюджет есебінен Ақтау қаласынан тағы 500 орындық және Жаңаөзен қаласынан 100 орындық жатақхана салу жоспарланды», — дейді Нұрлыбек Қойжанов

Қатысты Мақалалар