Жамбыл облысында "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша 300-ге жуық пәтер тұрғызылған

/uploads/thumbnail/20181106100356888_small.jpg

Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің» Жамбыл филиалы директоры Евгений Шарыгин, «Банк ЦентрКредит» АҚ Тараз қаласындағы филиалының директоры Бекдауыл Иптилдаев, "Цеснабанк" АҚ филиалының директоры Ғалымжан Доланбековтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Спикерлер «7-20-25 Бағдарламасын іске асыру» туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Мемлекет басшысының ағымдағы жылдың наурыз айында ұсынған 5 әлеуметтік бастамасынынң бірін іске асыру шеңберінде Қазақстан Ұлттық Банкі жаңа «7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітті, «Баспана» ипотекалық ұйымы» құрылды.

Бағдарлама басқа мемлекеттік ипотекалық бағдарламалардың аясында едәуір ерекшеленеді. Нысаналы  индикаторларға сәйкес  ипотекалық  кредиттердің жалпы көлемі 1 триллион теңгені құрайды. Халыққа 7% тарихи төмен мөлшерлеме бойынша, кредиттелетін тұрғын үй құнының 20% мөлшерінде бастапқы жарна, сондай-ақ 25 жылға дейін кредит мерзімімен ипотекалық кредит алудың теңдессіз шарттары ұсынылады.

Бағдарламаға меншік құқығында баспанасы және да ипотекалық қарыздары жоқ Қазақстанның әрбір азаматы қатыса алады. Бағдарламаның қатысушысының кәсіпкерлік немесе еңбек қызметінен тұрақты расталған кірісі болуы қажет.

Бағдарлама халыққа бастапқы тұрғын үй алуына есептелген. Сонымен қатар, тұрғын үй сатып алу үшін Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалалары үшін бағаның ең жоғары шегі 25 миллион теңге, ал қалған өңірлер үшін (оның ішінде Жамбыл облысы үшін) - 15 млн теңге деп белгіленді.

Қазіргі таңда «Баспана» арнайы компаниясы Центркредит Банкімен, Халық банкпен, Еуразиялық Банкпен, Цесна Банкпен, АТФ Банкпен, РБК Банкімен, Тұрғын үй құрылысы жинақ банкімен және Форте Банкімен келісімге қол қойды.

Жамбыл облысында бүгінгі күні 6 банктің филиалы жұмыс істейді – олар ЦентрКредит Банкінің, АТФ Банктің, Халық Банктің, Цеснабанктің, Еуразиялық Банктің және Форте Банктің филиалдары.

Сонымен, кредит сомасы 12 млн. теңге кезінде ипотека алушыға жүктеме айына 85 мың теңгені құрайды. Аумақтарда әдетте тұрғын үй сомасы төмен болады, онда кредит сомасы 7 млн. теңгені құрайды. Ал ипотека алушыға жүктеме айына 50 мың теңгені құрайды.

Осылайша, «Баспана» компаниясының әріптес банктерінің дамыған желісін ескере отырып, «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы елдің барлық өңірлерін қамтып, Қазақстанның біраз азаматына көптен күткен тұрғын үйін алуға көмектеседі деп ұйғарылуда.

Аталған бағдарлама кезекке тұрып, күтудің қажеттілігі болмауымен ұтымды. Әркім құрылыс салушыны өзі таңдайды, тұрғын үйді өзі табады, банкке жүгінеді және ары қарай ипотеканы рәсімдейді.

2018 жылғы 25 қазанға мемлекетте Бағдарлама бойынша екінші деңгейдегі банктермен қабылданған өтінімдердің жалпы саны 47 194,2 млн.теңге болып 3 989 өтінішті құрады. 31 806,8 млн.теңгеге 2 658 өтініші мақұлданды.

Жамбыл облысы бойынша 25.10.2018 жылғы жағдайға банк филиалдарымен 407,7 млн. теңгеге 51 өтініш қабылданып, 284,8 млн.теңгеге 33 өтініш мақұлданды. Оның ішінде: 6 заем білім саласында жұмыс істейтін жұмысшылармен, 2 – әскери, 3 – мемлекеттік орган қызметкерлерімен, 6 – медицина қызметкерлерімен, 2 – спортшылармен, 1 заем ауыл шаруашылығы саласының қызметкерімен, 1 – пошталық қызмет жұмысшысымен, 2 – екінші деңгейдегі банктің қызметкерлерімен, 5 заем жеке ұйымдарда жұмыс істейтін тұлғалармен және 1 заем ХҚКО қызметкерімен алынғаны туралы ақпарат бар.

Бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылуы мүмкін бастапқы тұрғын үй объектілеріне қатысты қазіргі таңда Бағдарлама бойынша бастапқы тұрғын үйді мына жерлерден алуға болады:

- «7-20-25» бағдарламасы шеңберінде ЕДБ жүзеге асырылатын, жақын арада ҚТҚЖБ-дан ЖАО берілетін «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша тұрғызылған «Арай» алқабындағы шамамен 100 пәтер;

-  «7-20-25» бағдарламасы шеңберінде ЕДБ жүзеге асырылатын, келесі жылы ҚТҚЖБ-дан ЖАО берілетін «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша тұрғызылған 15 ықшам ауданындағы 300-ге жуық пәтер (барлығы ағымдағы жылы 10 үй тұрғызылды – бұл 800 пәтер, оның 500-не ҚТҚЖБ линиясы бойынша басымдыққа ие салымшыларды несиелеу күтіліп отыр);

- жеке құрылыс салушылардан – 80 пәтер (Бином ЖШС, Жамбыл Тас-Құм ЖШС, Абылай Сана 2003 ЖШС, Восход ӨК, Пико ӨК және Қаратау Құрылыс ЖШС).

Сондай-ақ, Ұлттық Банктің Жамбыл филиалы Бағдарламаның талаптарын түсіндіру, облыстың бастапқы тұрғын үй нарығындағы объектілер туралы халықты ақпараттандыру мақсатында, жергілікті атқару органдарымен бірлесіп еліміз бойыншада аумақ бойыншада Бағдарламаны жүзеге асыру барысы туралы ауқымды жұмыстар атқарылуда: жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен баспасөз конференциялары, брифингтер, ЖАО мен ЕДБ филиалдарының өкілдерінің қатысуымен облыстың кәсіпорындары және ұйымдарымен кездесулер және т.б. ұйымдастырылуда.

Сондай-ақ халыққа ыңғайлы болу үшін ресми www.baspana72025.kz сайты іске қосылды, одан барлық қажетті ақпаратты алуға болады. Сондай-ақ + 7 (727) 227-20-25 тегін нөмірі бойынша call-орталық тәулік бойы жұмыс істейді. Қазіргі уақытта 7-20-25 бағдарламасының мобильді қосымшасы әзірленуде, ол жуық арада App Store мен Play Маркет арқылы көшіріп алу үшін қолжетімді болады.

Сонымен бірге, ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы №206 қаулысымен Бағдарламаға соның ішінде астананың, республикалық маңызы бар қалалар мен облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі - ЖАО) қайтару мерзімдері екі жылға дейнгі, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасы Үкіметімен шығарылған мемекеттік бағалы қағаздар бойынша сыйақы мөлшерлемесінен төмен емес облигацияларды шығару арқылы бастапқы тұрғын үйді құрылыс салушылардан сатып алу мен құрылыс салуды қаржыландыру механизмін пайдалануды қарастыратын өзгерістер енгізілгенін атап өткен жөн.

Енгізілген өзгерістерге сәйкес, оператор ЖАО-ның 150 млдр.теңгеге дейінгі көлемдегі облигацияларын сатып алуы мүмкін, соның ішінде Астана, Алматы, Шымкент қалаларында 20 млрд.теңге, басқа аумақтарда 6,4 млрд.теңге лимиттермен.

Бірақ, заем алу үшін ЖАО салған бастапқы тұрғын үйдің бағасы Бағдарламамен белгіленген тұрғын үйдің максималды бағасынан аспауы тиіс.

Аймақтарда «7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасын сәтті іске асыру, сондай-ақ жас жанұялар мен бюджет саласындағы қызметкерлердің қаржылық жүктемесін азайту мақсатында «Баспана» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Компания) «Жас арман» және «Қамқор баспана» өнімдерін құрастырды. Компанияның ұсынып отырған механизіміне сәйкес жетгілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – ЖАО) облигациялар шығарып, аталған категориядағы халық үшін алғашқы жарнаның жартысы қаржыландыру бойынша міндеттемені өзінің мойнына алады. Өз кезегінде Компания ЖАО облигацияларын сатып алуды жүзеге асырып, Бағдарламаға қатысушы банктермен  аталған категориядағы халыққа заем берілуін қамтамасыз етеді.

Бүгінгі күні «Жас арман» және «Қамқор баспана» өнімдері Шымкент қаласында сынамалы режимде жұмыс істеуде. Шымкент қаласының әкімшілігі алғашқы жарнаны қаржыландыру мақсатында қайтарым негізде 2 млрд. теңге бөлуде. ЖАО қолдауы шамамен 2 мың жас жанұялар мен бюджеттік салада қызметкерлерді қамтиды деп күтілуде.

Сонымен қатар, Компания қайталама тұрғын үйді несиелеуге бағытталған жаңа өнім – «Баспана хит» жаңа өнімін құрастырды.

«Баспана хит» «Баспана» ипотекалық ұйымының» «7-20-25» бағдарламасынан өзгеше өнім екенін айта кеткен маңызды. Алғашқы жарна тұрғын үй сомасының 20% құрайды, жылдық мөлшерлеме = Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесі + 1,75%. Қазір Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесі 9% құрайтынын ескерсек, «Баспана хит» өнімі бойынша мөлшерлеме қазіргі кезде 10,75 пайызды құрайды. Несие мерзімі 15 жылға дейін.

Аталған өнім бойынша халықтың тарапынан үлкен қызығушылық туындайды деп күтілуде, ол ипотекалық нарықтың дамуына және қазақстандықтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге жақсы әсер етуге өз септігін тигізеді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар