«Өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру» үшінші міндеттің шеңберінде тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, елдің кез келген елді мекенінде жайлы әрі қауіпсіз өмір сүруге бағытталған 22 іс-шара көзделген.
Бұл міндетті іске асыру үшін 5 заң қабылданады.
Бұл үшін болашақта Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2030 жылға дейінгі болжамды схемасы жаңа форматта әзірленіп, қабылданатын болады, бұл Еліміздің басқарылатын урбанизациясының жаңа картасына айналады.
Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы нақты іс-шараларын, жобалары мен қаржыландыру көлемін көрсете отырып келесі жылы қабылданатын болады.
Көлік инфрақұрылымын, коммуналдық және тұрғын үй құрылысын дамыту мақсатында «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары 2025 жылға дейін ұзартылатын болады.
Құқық қорғау органдарының жұмысын түбегейлі жақсарту және азаматтар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында халықпен жұмыс істеудің жаңа заманауи форматын енгізуді, қоғамдық қауіпсіздікті мониторинг жүргізу жүйелерімен қамтамасыз етуді көздейтін ішкі істер органдарын жаңғырту бойынша «Жол картасы» қабылданатын болады.
Соттардың жұмыс істеуінің заманауи форматын және озық электрондық сервистерді енгізу, артық сот рәсімдерін қысқарту арқылы сот жүйесін одан әрі жаңғырту жалғастырылатын болады.
Пікір қалдыру