2018 жылы 318 мың қазақстандық электронды еңбек биржасы арқылы тұрақты жұмысқа тұрды.
Биыл Enbek.kz. порталында 346 мың резюме таратылды. Сондай-ақ, 318 мың азамат жұмыспен қамтылды. Осылайша, е-биржаның көмегімен жұмысқа тұру 2017-ші жылмен салыстырғанда 35 пайызға артты.
Ведомство мәліметінше, бұл ТМД аумағындағы алғашқы электронды еңбек биржасы. Оның құрылуынан бастап үлкен мәліметтер базасы қалыптасты. Ал процестің өзі болса электрондық форматқа көшті.
Бұл бизнестегі әкімшілік шығындарды төмендетуге, бұдан бөлек азаматтардың лайықты еңбек табулары үшін географиялық кедергілерді жоюға ықпал етті.
Бүгінгі таңда Android және iOS негізіндегі мобильді қосымшалар әзірленіп, іске қосылды. M-Gov-тің жеке кабинетінен хабарландыру алу үшін Enbek.kz-ді М-Gov-пен біріктіру бойынша жұмыстар жүргізілді.
Композитті форматқа көшудің арқасында зейнеткерлік жасқа шығуға байланысты алатын үш қызметті қазір бір ғана өтініш арқылы алуға мүмкіндік туды. Бүгінде аталған қызмет 6 137 адамға көрсетілген. Бұл 2018 жылдың 2 қарашасындағы көрсеткіш. Бұған қоса, электрондық еңбек биржасының Telegram-bot (@EgovkzBot) каналына бос жұмыс орындары жарияланып, жұмыс іздеушілерге жайлылық туғызуда.
Әлеуметтік және еңбек саласын цифрландырудың негізгі мақсаты – электронды еңбек биржасын дамыту. «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесін, Enbek.kz порталын, жеке жұмысқа орналастыру агенттіктері мен интернет-сайттарын біріктіру де негізгі міндеттердің бірі саналады. Сонымен қатар, аталған саланы цифрландыру әлеуметтік-еңбек саласының жүйелерін әзірлеуді және енгізуді, қызметкерлер профилін жүргізу және еңбек шарттарын тіркеу жүйесін құруды және енгізуді қамтиды. Қазіргі таңда «әлеуметтік тізілімнің» ақпараттық жүйесінің прототипі әзірленді, пайдалануға 2018 жылдың 18 желтоқсанында беріледі деп жоспарлануда. Бұдан бөлек, мүгедектікті анықтауға байланысты қызметтерді де онлайн форматта алу жеңілдей түседі деп күтілуде.
ТМД аумағында алғаш рет іске қосылған осы электрондық еңбек биржасы.
Іске қосылған кезеңнен бастап аса ірі дерекқор қалыптастырылған болатын, ал еңбек делдалдығы процесі тікелей электрондық форматқа көшуде. Бизнес үшін әкімшілік шығындарды төмендету және азаматтар үшін лайықты жұмыс іздеуде географиялық кедергілерді алып тастау қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар, жол картасының аясында өңірлермен біршама жұмыстар атқарылып, ағымдағы кезеңде жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілерді электронды еңбек биржасына қосу бойынша шараларды жүзеге асыру үшін өңірлердің еңбек инспекцияларымен кеңес беру жұмыстары белсенді жүргізілуде.
Электронды еңбек биржасын дамытудың жуырдағы жоспарларында келесі мәселелер қарастырылған болатын:
- Enbek.kz порталына және Халықты жұмыспен қамту орталықтарының «Еңбек нарығы» жүйесіне енгізілген құзыреттіліктер банкінің көмегімен еңбек ресурстары үшін өзекті дағдыларды анықтау;
- жұмыс берушілердің келісім-шарттарды тіркеуі бөлігінде еңбек келісім-шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесімен ықпалдастыру;
- ХЖҚО-ға болжанатын жұмыс орындары және жұмысшылардың жұмыстан шығуды жоспарлауы туралы ақпаратты онлайн режимде жұмыс берушінің жеке кабинеті арқылы беру.
Әлеуметтік-еңбек саласының жүйелерін дамыту және енгізу мақсатында «Әлеуметтік тізілім» АЖ ақпараттық жүйесінің прототипі әзірленген болатын. Оны тәжірибелік сынақтан өткізу үшін 2018 жылы 18 желтоқсанда пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Ал әлеуметтік көмек көрсетуді жаңғырту жүйесін тәжірибелік пайдалануға 2018 жылғы 4 желтоқсаннан бастап енгізу жоспарлануда.
ӘБЖ порталы бойынша әзірлеу конкурсы өткізіліп, оны 2018 жылдың қараша айы мен 2019 жылдың маусым айна дейінгі аралықта жүзееге асыру көзделіп отыр.
Сонымен қатар, мүгедектікті растауға байланысты қызметтерге қатысты мәселеде 2018 жылы желтоқсанда бір өтініш бойынша белсенді форматта сегіз атауды іске қосу жоспарлануда. Қазіргі кезеңде төрт өңір пилоттық режимде қатысып, бес емхана тартылған.
Зейнет жасына толғанда ұсынылатын композитті қызмет 2018 жылы шілде айында іске қосылып, жас шамасы бойынша 2000-нан астам зейнетақы төлемдері және бір өтініш бойынша базалық зейнетақы төлемдері тағайындалған.
«Алтын алқа», «Күміс алқа» салпыншағымен марапатталған немесе бұдан бұрын «Ардақты ана» атағын алған, сонымен қатар, «I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша тестілеу жұмыстары жалғасуда, қызметті белсенді форматта іске қосу 2018 жылы желтоқсан айына жоспарланып отыр.
Ал асыраушыны жоғалту бойынша мемлекеттік әлеуметтік көмек және әлеуметтік төлем тағайындау қызметін 2018 жылы желтоқсаннан бастап өтінішсіз белсенді түрде көрсету жоспарлануда.
Жұмыссыз жүрген азаматтарды жұмыс іздейтін тұлға ретінде тіркелген және жұмысын жоғалтқан азаматтарға әлеуметтік төлем тағайындау композитті мемлекеттік қызметтері аясындағы қызметтерді 2018 жылғы желтоқсан айынан бастап өтінішсіз көрсету жоспарлануда.
Жұмысшының бейіндерін жүргізу және еңбек келісімшарттарын есепке алу жүйесін құру және енгізу бойынша бүгінгі таңда төмендегідей жұмыстар атқарылды:
- «Еңбек келісім-шартын тіркеу» және «Еңбек келісім-шартының деректерін ДҚ-ға беру «сақтау» функционалының прототиптері әзірленді;
- Еңбек келісім-шарттарын тіркеу бойынша пилоттық жоба аясында жүйеде барлығы 5460 келісім-шарт тіркелді. Қазіргі кезеңде пилоттық ұйымдар тізіміне 21 кәсіпорын кіреді;
- Жол картасы бағдарламасының аясында өңірлермен жұмыс басталып, бүгінгі таңда өңірлердің еңбек инспекцияларымен кеңес беру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Сонымен қатар, кәсіпорынды өңірлерге арналған e-HR жобасына қосу жұмыстары бойынша нұсқаулық әзірленді;
- Қазіргі кезеңде 249 кәсіпорынға кеңес беріліп, оның 24-і одан әрі ықпалдастыру үшін өздерінің ақпараттық жүйелерін пысықтауды бастады;
- Жұмысшының жеке ісін қалыптастыру үшін олар деректер ұсыну бойынша мемлекеттік органдармен ықпалдастыру жұмыстарын бастады. Жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорынан дербес деректерді (жеке куәлік бойынша ақпарат, мекенжай деректері және т.с.с.) ұсыну бойынша сервис жүзеге асырылды;
- Жұмысшыдан дербес деректерді өңдеуге келісім алу бойынша функционал тиянақталуда;
- kz порталының көмегімен еңбек келісім-шарттарын тіркеу мүмкіндігі әзірленуде. Бұл сервис Еңбек келісім-шарттарын бірыңғай есепке алу жүйесімен ықпалдастыру үшін өзінің ақпараттық жүйесі жоқ, бірақ аталған жүйеге қосылуды қалайтын жұмыс берушілер үшін әзірленуде;
- Тәжірибелік сынақтан өткізу мақсатында пайдалануға беру 2018 жылдың 22 қарашасына жоспарланып отыр.
2018 жылы Еңбек биржасында 72 мыңнан астам жұмыс беруші 620-дан астам бос орын жариялады. Ал ағымдағы жылы жұмыс іздеушілер 346 мыңға жуық түйіндеме орналастырған. Оның ішінде 318 мыңнан астам азамат 2018 жылы электронды еңбек биржаның көмегімен тұрақты жұмысқа орналасқан. Бұл көрсеткіш аталмыш бағытта жұмыстың қарқынды жүріп жатқандығына дәлел бола алады.
Ендігі кезекте табыс тарихына тоқтала өтейік. Композитті форматқа көшудің арқасында 3 қызмет зейнет жасы толған кезде (жасы бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау, базалық зейнетақы төлемдері және БЖЗҚ-тан зейнетақы төлемдері) 1 өтініш негізінде ұсынылған болатын. 2018 жылдың 2 қарашасындағы жағдай бойынша қызмет 6 137 алушыға ұсынылды.
Баланың тууына байланысты және бір жасқа дейін бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған тұрғындардың саны аса белсенді форматта өткен кезеңде 19 904 қызметті құрады.
2018 жылы Электрондық еңбек биржасы іске қосылған кезеңнен бері жұмысқа орналасу 2017 жылмен салыстырғанда 35%-ға артқан, электрондық үкіметтің Telegram-bot-ында ЭЕБ бос орындары мен түйіндемелерін іздеу (@EgovkzBot), сондай-ақ, бос орындарды іздеу және азаматтың орналасқан жеріне қарай халықты жұмыспен қамтудың ең жақын орталығын анықтау (@Enbek_bot) функциялары қосылды.
Электронды еңбек биржасында өтініш қалдыру үшін порталға қалай тіркеледі?
Электрондық еңбек биржасының порталында тікелу үшін www.enbek.kz сілемесі бойынша өтіп, басты беттің оң жақ жоғарғы бұрынышдағы «Кіру» батырмасына басу қажет. Жаңа терезе ашылғанда, онда «Тіркелу» батырмасын таңдау қажет. Оны басқаннан кейін толтырылатын жолдары бар тіркеу формасы ашылады.
Facebook, Vkontakte, OK, MailAgent әлеуметтік желілердің бірінде тіркелген аккаунт болған жағдайда порталға тіркелу процедурасыз, тиісті батырмалар арқылы бірден кіруге болады.
Ал, ендігі кезекте, жеке кабинетте түйіндеме қосу үшін «Жаңа түйіндеме қосу» сілтемесін басу қажет немесе «Қосу» батырмасын пайдалануға болады. Белгілі файлды таңдап алғаннан соң «Сақтау» батырмасын басу қажет, аталмыш батырманы басқанда жасалған түйіндеме жұмыс іздеушінің жеке кабинетінде және порталда айқындалады.
Жұмыс іздеуші дәл осылай басқа да қалаулы лауазымдарға түйіндеме қосу мүмкіндігіне ие, «Түйіндеме» қосымша бетінде «Қосу» батырмасын басып тағы да түйіндеме қоса алады. Сонымен қатар, жұмыс іздеуші кез келген уақытта шығатын «Іс-әрекет» мәзірінде тиісті сілтемені баса отырып, орналастырған түйіндемесін өзгерте алады.
Түйіндеме қосқаннан кейін бос орындарды іріктеу функциясын пайдалануға болады. Ол үшін жеке кабинетте «Түйіндеме» қосымша бетінде түйіндемені таңдау және шығатын «Іс-әрекет» мәзірінде «Бос орындарды іріктеу» сілтемесін басу қажет.
Портал жұмыс іздеуші үшін сәйкес бос орындардың тізімін автоматты түрде іріктейді және қалыптастырады.
Бос орындар бар беттің соңында «Түйіндемеңді жіберу» батырмасын басып, жұмыс берушіге түйіндемені бос орынның әрбір карточкасынан жіберуге болады.
Түйіндеме жіберілген бос орындар тізімін жеке кабинетте «Жіберілген түйіндемелер» қосымша бетінде қарауға болады.
Жеке кабинеттің «Алынған шақырулар» деп аталатын қосымша бетінде жұмыс беруші жіберген сұхбатқа шақыру бар. Шақыруды қарастырып, оны қабылдауға және жұмыс берушіге сұхбатқа келуге келісім беру туралы хабарлама жіберуге немесе портал арқылы сұхбаттан бас тартуға болады.
Шақыру мәтінін көру үшін «Жаңалар» атты қосымша бетінде шақыруға қарама-қарсы «Хабарламалар» деп жазылған батырманы басу қажет. Одан әрі шақыру мәтіні бар бет ашылады.
Әрбір жұмыс іздеуші порталда кәсіби жарамдылық тестінен өтіп, қандай мамандықта табысқа қол жеткізе алатынын анықтай алады. Тесттен өту үшін сайттың басындағы «Кәсіби жарамдылық» сілтемесін басу қажет немесе Жеке кабинеттегі қосымша бет арқылы өтуге болады.
Тесттен өту нәтижелері бойынша жұмыс іздеушіге сәйкес келетін кәсіптер тізімі ұсынылатын болады. Өткізілген тесттердің нәтижелері Жеке кабинетте сақталады, онда оларды кез келген уақытта қарауға, сонымен қатар, қажет болған жағдайда *pdf форматында сақтап алуға да болады.
Түйіндемені архивке көшіру үшін жеке кабинетте шығатын «Іс-әрекет» мәзіріндегі түйіндемеге қарама-қарсы орналасқан «Архивке көшіру» сілтемесін басу қажет.
Одан әрі «Иә» немесе «Жоқ» батырмасын таңдап, «Портал сізге жұмысқа орналасу үшін көмектесті ме?» сұрағына міндетті түрде жауап беру қажет.
Егер архивке көшірілген түйіндемені қалпына келтіру қажет болса, жеке кабинетте «Түйіндемелер архиві» атты қосымша бетіне өтіп, шығатын «Іс-әрекет» мәзірінде түйіндемеге қарама-қарсы «Архивтен қалпына келтіру» сілтемесін басу қажет. Түйіндемені архивтен қалпына келтіруден бұрын деректердің өзектілігіне көз жеткізу қажет, ол үшін түйіндемені редакциялауға арналған форма ашылады, сонда кез келген деректерді өзгертуге, түйіндемені порталда сақтау мерзімін таңдауға және «Сақтау» батырмасын басып, оны қалпына келтіруге болады.
Электрондық еңбек келісім-шарттарын тіркеу үшін жұмыс беруші www.enbek.kz Электрондық еңбек биржасы порталында тіркелуі қажет, кәсіпорын туралы мәліметтер электрондық-цифрлық қолтаңбамен расталуы міндетті болып табылады. Одан әрі Жеке кабинетке өту және «Еңбек келісім-шарттары» – «Келісім-шарттар» бөлімін таңдап, «Келісім-шарт қосу» батырмасын басуы қажет. Одан әрі келісім-шарт бойынша ақпаратты қосуға арналған форма ашылады, формада барлық қажетті деректерді толтып және оларды сақтауы тиіс.
Келісім-шартты қосып, сақтағаннан кейін оны E-HR еңбек келісім-шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне тіркеу үшін жіберуі керек. Ол үшін келісім-шарттың астындағы «Келісім-шартқа қол қою және жіберу» батырмасын басу қажет.
Келісім-шартта қызметкер туралы мәліметті жаңарту үшін келісім-шарттар тізімінде келісім-шартты таңдап, аталған келісім-шартқа қарама-қарсы «Іс-әрекет» батырмасын басып және шығатын мәзірде «Деректерді өзгерту» әрекетін таңдау қажет.
Келісім-шартқа енгізілген барлық өзгерістерді E-HR еңбек келісім-шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне тіркеу үшін жіберу маңызды болып табылады. Ол үшін өзгерістер енгізгеннен кейін келісім-шарт карточкасында пайда болатын «Өзгерістерді жіберу» батырмасын басу қажет.
Еңбек келісім-шартына қосымша келісім қосу үшін тізімде келісім-шартты таңдау, аталған келісім-шартқа қарама-қарсы «Іс-әрекет» батырмасын басу және шығатын мәзірден «Қарау» әрекетін таңдау қажет.
Содан кейін келісім-шарт карточкасы ашылады, онда «Қосымша келісім қосу» батырмасын таңдап басу қажет, батырма карточканың астында орналасқан. Одан әрі модальді терезе шығады, онда қосымша келісім бойынша ақпарат енгізу міндетті болып саналады. Ақпаратты қосқаннан кейін «Сақтау» батырмасына басу қажет.
Қоылған қосымша келісім еңбек келісім-шартының карточкасындағы кестеде айқындалады. Қосымша келісімді E-HR еңбек келісім-шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне тіркеу үшін жіберу керек. Ол үшін қосымша келісімге қарама-қарсы кестедегі «Жіберу» батырмасын басады.
Жұмысшымен еңбек келісім-шартын бұзу дерегін тіркеу үшін тізімде келісім-шартты таңдау, аталған келісім-шартқа қарама-қарсы «Іс-әрекет» батырмасын басу және шығатын мәзірде «Қарау» әрекетін таңдау қажет. Ашылған келісім-шарт карточкасында «Келісім-шартты бұзу» батырмасын таңдайды.
Одан әрі модальді терезе ашылады, онда еңбек келісім-шартын бұзу туралы ақпарат енгізу қажет. Еңбек келісім-шартын бұзудың себебі анықтамалықтан таңдалады, аталған алаңда мәтіндік іздеу қосылған және пәрментақтадан деректер енгізу шамасына қарай анықтамалықтағы мәндер шығады.
Ақпаратты қосқаннан кейін «Бұзу» батырмасын басу қажет.
Зейнетақы рәсімдеу үшін енді өтінішпен Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) бару міндетті болып табылады, халыққа қызмет көрсету орталығында оларға «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетіледі. Аталмыш норма 2018 жылғы 9 қазаннан бастап қолданысқа енгізілген болатын. Енді ХҚКО-ға бір рет келіп, барлық 4 қызметке бір өтініш қалдыруға мүмкіндік бар.
Көрсетілген өтініштің негізінде зейнетақы алушыға мемлекеттік кепілдік (инфляция деңгейін ескерумен нақты аударылған міндетті зейнетақы аударымдары, міндетті кәсіптік зейнетақы аударымдарының сомасы мен зейнетақы жинақтары сомасының арасындағы айырмашылық) төлеу бойынша аса белсенді қызмет көрсетілетін болады. БЖЗҚ-дан алғаш зейнетақыны өтініш Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде немесе БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығы пайда болған күннен бастап он жұмыс күні ішінде төленеді. БЖЗҚ-дан кейінгі ай сайынғы зейнетақы төлемдері зейнетақы төлемдерінің белгіленген кестесі бойынша жүзеге асырылатын болады. Бюджет қаражаты және зейнетақы жинақтары есебінен БЖЗҚ-дан жасалатын төлемдер бір күні және өтініште көрсетілген бір банк шотына аударылатын болады. Аталған өзгерістер жаппай белгіленген зейнетақы жасына жеткен зейнетақы төлемдерін алушылардың мүддесі үшін енгізілуде.
Композитті қызметке жасы бойынша зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін және БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау кіреді. «Алтын алқа» және «Күміс алқа» салпыншақтарымен марапатталған, сонымен қатар, алты және одан да көп бала тәрбиелеп отырған аналарға арналған жәрдемақыны алу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына келіп өтініш жазып, сонымен қатар, 2 құжат ұсынуы қажет. Ол құжаттар:
- Жеке басын куәландыратын құжат;
- «Алтын алқа», «Күміс алқа» салпыншағымен марапатталған көп балалы ана атағын алғанын немесе марапатталғанын немесе одан бұрын «Ардақты ана» атағын алғанын, «I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталғанын дәлелдейтін құжат.
Жәрдемақыны қай уақыттан бастап алатыныңызды өтініш қалдырғаннан кейін телефоныңызға келген Смс хабарлама арқылы білуге болады.