Теміртауда "АрселорМиталл" АҚ металлургия комбинатында өрт болды, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтының дерегін негізге алып. ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің мәліметінше, конвертор цехтың сыртқы жағында газ құбыры өртеніп жатыр.
"Қарағанды облыстық ТЖД және "Өрт сөндіруші" АҚ күшімен және құралдарымен 34 адам мен 8 техника газ құбырын салқындатып жатыр. Комбинат жұмысшылары газ беруді тоқтату жұмастарын қолға алды", - делінген хабарламада. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы әзірше белгісіз.
Айта кетейік, кейін ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов комбинаттағы өрттің ауыздықталғанын хабарлады.