Атырауда сәлемдемелер супермаркеті ашылды

/uploads/thumbnail/20181113095513073_small.jpg

Жақында Атырауда «Қазпошта» АҚ-ның сәлемдемелер супермаркеті ашылды, деп хабарлайды atyrautv.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл қалада ашылған 5-ші супермаркет. Оның ашылуына «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов, Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов және т.б. тұлғалар қатысты.

«Кезінде қағазға байлап көгершінмен ұшыратын болса қазір заманауи технология қазір ғана жазған хатыңды 1-2 минутта әкеледі. Міне технологияның өскен заманы. Сондықтан да біз бұл заманның талабынан қалмауымыз керек. Сол заманның талабымен бірге жүруіміз керек. Қазпошта саласында осының барлығы істеліп жатқан істерін көріп, көңіліміз толып жатыр, - деді С. Шапкенов.

Сәлемдемелер супермаркетінің арқасында тұрғындар сәлемдемелерін 2 минуттың ішінде алу мүмкіндігіне ие болды. Осылайша, жаңа орталық сәлемдемелерді қабылдау мен жіберу уақытын қысқартып, компанияның шығындарын үнемдемек. Қазақстанда мұндай супермаркеттің 214-і болса, оның 10-ы Атырауда екен.

Айта кету керек, Қазпоштаның «Трансформация» бағдарламасы бойынша және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, республиканың әр өңірінде Сәлемдемелер супермаркеті ашылып жатыр. Аталған супермаркет тұрғындардың сәлемдемелерді дер уақытында алуына мүмкіндік береді. Тұрғындар бұрыңғыдай кезек күтіп отырмайды. Сәлемдеме жіберілгеннен кейін оны қабылдаушы азаматтың телефонына смс келеді. Азамат сол бойынша «Қазпошта» мекемесіне келіп, супермаркеттен сәлемдемені алып кетеді. Мұндай жоба алғаш рет ТМД-да жүзеге асырылған.
Ал еліміздегі ең үлкен сәлемдемелер супермаркеті өткен айда Алматыда ашылған болатын. Осылайша, осындай жаңа орталықтар тұрғындарға сапалы қызмет ұсынуға айтарлықтай көмек көрсетуде.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар