Атырау қаласында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Туған жер» клубы ашылды. Онда өлкетану және балалар туризмі ұйымдастырылатын болады.
Игі бастама «Еуразия» қорының «Жарқыра-2018» атты жобасы аясында жүзеге асырылып отыр. Өңірдегі туризмді дамыту ісімен айналысуға «Самұрық Қазына» әл-ауқат қорының «Әрекет» деген жобасының жеңімпазы Гүлжан Елешева бел буып отыр. «Өскелең ұрпақ жергілікті жердегі киелі орындарды білуі тиіс. Сонда ғана олар ел тарихын саналарына сіңіреді. Өткеннен өнеге алып, өздерінен кейінгі ұрпаққа жалғайды» дейді ол.
Айта кетейік, клуб мекен-жайы Тұрғындар қалашығы, Севастопольская көшесі, 1 «в» үй, 11-ші бөлмеде («Алладин» мейрамханасының қасындағы бизнес-орталық) орналасқан.
Пікір қалдыру