Vpost арқылы қараша айында болатын жеңілдіктер маусымына қатысып үлгеріңіз!

/uploads/thumbnail/20181123165101309_small.jpg

Black Friday атты америкалық жеңілдіктер маусымына Vpost-қа тіркеле отырып, қатысуға болады. Аталмыш жәрмеңкеде 350 мыңнан астам интернет-дүкеннің тауарлары 90 пайызға дейінгі жеңілдікпен сатылымға түседі. Жаппай сатылым қараша айында болады деп жоспарланып отыр.

Vpost.kz  «Қазпошта» АҚ-ның халықаралық сервиске арналған қызметі. Осының арқасында сіз әлемдік 350 мың интернет-дүкеннен өзіңіз қалаған тауарды алдырта аласыз. Статистикаға жүгінсек, бүгінгі таңда Vpost 4 миллионнан астам сәлемдемелерді тұтынушыларға жеткізіп берді. Оның бірден-бір ерекшелігі үшінші тараптардың болмауында және қосымша шығындардың пайда болмауында. Тауарды да мұқият қаптап, межелі жеріне уақтылы әкеледі.

Vpost.kz-ке тіркелгеннен соң тұтынушы АҚШ-тың пошта мекенжайын алады. Осылайша, клиент қандай да бір тауарды сатып алған кезде сол адресті көрсетсе болады. Мекенжай Орегон штатындағы Портленд қаласынан беріледі. Ол жерде тұтынушыларға арналған салық жоқ. Осыған орай, тұтынушылар шығындарын 10 пайызға азайта алады.

Бұған қоса, VPost арқылы барлық жүктерді сонда жинап, бәрін бір уақытта алдыруыңызға мүмкіндік бар. Ал қоймада 3 апта көлемінде тегін сақтай аласыз.

Ақпарат үшін айта кетсек, елімізде электронды сауда саласы жыл сайын 30 пайызға артып келеді.  Қазақстан Үкіметі еліміздегі е-коммерцияны дамыту мақсатында көптеген жұмыстар атқарып жатыр. Электрондық сауданы алға жылжытуға арналған мемлекеттік бағдарлама да бар.
Бірінші қаңтардан бастап кәсіпкерлер төлемді онлайн формат арқылы жүзеге асыратын болады. Мұның өзі интернет-дүкен иелері үшін айтарлықтай көмек.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар