Сөзді бірден "Бүкіл әлем аяғымыздың астында"(«Весь мир у наших ног») атты фильмің жарнама тақтасы жайында айтайық. Аталмыш киноның жарнама парақшасындағы «Жаным арамның садағасы» деген жазу көзімізге бадырайып көрінді. Қаржысы 30 милион долларды құраған экшн жанрындағы қазақстандық фильм 26 наурыздан бастап көрерменге жол тартқан екен. Аталмыш баннер "MAXIMA сауда - ойын-сауық кешенінің" алдына "айғайлап" тұр.
Қазақта «Жаным арымның садағасы» деген мәтел бар еді. Ал бұлар "жанын арамға" неге садаға еткені белгісіз. Білместік пе, сауатсыздық па, әлде қара пияр ма? Ол жағын анық білмедік. Неде болса бұл қазақ тілін қорлау болып саналады. Бұл киноны түсірген режиссері де, продюсері де өзіміздің қазақтар екен. Олар «а» мен «ы» әріпін ажырата алмайды немесе бұл мәтелді білмейтін адамдар деу қисынға келмейді. Сондықтан сауатсыздықтан көрі фильмнің қаржысын ақтаға қара пияр жасамақ болған намыссыздық болу әбден мүмкін.
Бір елдің мемлекеттік тілін қорлауға апарып соғатын мұндай масқараларға жол бермеу үшін "жанын арамға" садаға еткен істің мән-жайын анықтап, ресми жауап беруі керек.
Тұрдыбек Құрметхан

