Алматыда бірқатар шағынаудан мен көшелердің атауы өзгерді. Бұл туралы Алматы мәслихатының VI шақырылымының жергілікті мемлекеттік басқару және тұрғын үй саясаты бойынша комиссиясының отырысында белгілі болды.
Отырыс барысында қалалық Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Өтепберген Қалабай бірқатар шағынаудан мен көшелердің атауын ауыстыру туралы ұсыныс енгізді.

