Ағымдағы жылдың 4 қазанында Қожа Ахмет Яссауи атындағы қазақ-түрік университетінің президент-ректоры Абдрасилов Б.С. мен Кентау қаласындағы трансформатор зауытының директоры Қожабаев С.И. өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын.
Аталмыш құжатқа сәйкес, техника және түрлі ғылым саласындағы біршама жоспарларды бірлесі жүзеге асыру туралы келісімге қол жеткізілді. Сондай жобалардың бірі, әрі бірегейі – Қожа Ахмет Яссауи атындағы қазақ-түрік университетінің студенттерін Кентау қаласындағы трансформатор зауыты базасында дуальды оқыту бағдарламасын жүзеге асыру болып табылады. Бұл жоба Мемлекет басшысының білім беру мен нақты экономиканы біріктіру идеясын практикалық тұрғыдан іске асыруды көздейді. Аталмыш бағдарлама Инженерия, мемлекеттік басқару мен экономика жоғары мектебі факультеттеріндегі 8 мамандықты қамтиды. Осы жоба аясында студенттер теориялық білімді университет қабырғасында алатын болса, практикалық сабақтар Кентау қаласындағы трансформатор зауытында, лабораторияда және цехтерде үйренетін болады.
Инновациялық оқу бағдарламасы аясында жоғарыда атап өткен екі факультеттің студенттері теорияны аптаның үш күнінде өтсе, зауытта екі күн практикалық сабақтар өтеді. Оны студенттерге универститеттің профессорлары, зауыттың менеджерлері мен өз ісінің мамандары өткізетін болады, онда студенттер өз мамандықтары бойынша практикалық дағыларға ие болады.