Бүгінгі «Нұр Отан» партиясының 20-жылдық мерейтойы қарсаңында өткен кеңесте Елбасы халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелерді көтеріп отыр. Оның ішінде әлеуметтік саланы жетілдіру үшін мемлекеттік бюджеттің 40%-ін бөлу, бұл тарихта болмаған жағдай.
Сонымен қатар, көпбалалы аналарға қолдау көрсету – ұлт болашағына жасалған батыл шешім. Ана мен балаға қолдау көрсетілсе, көңіл бөлінсе тәрбиелі, білімді ұрпақ өседі.
Және көптеген мәселенің шешімі бюджет саласындағы қызметкерлердің айлығын 30%-ке көтеруден көрініс таппақ. Өйткені бюджет саласының қызметкерлері қаржы тапшылығын көрмесе, жалпы қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың азаюына әсері болады деп сенемін. Себебі, білім беру, денсаулық сақтау, құқық қорғау секілді бюджеттік салалалар қоғамның дамуына ықпал ететін ерекше салалар.
Осындай нақты шешімдерді халық күтіп отыр. Сондықтан, «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығында жасалған мұндай оң шешімдерге мен қуаныштымын. Ендігіде осы тапсырмалардың дұрыс орындалуына барлығымыз бірдей атсалысуымыз қажет.
Смағұл Елубай
Пікір қалдыру