Алматы облысында автокөлік жолдарының 78 %-і жақсы және қанағаттанарлық жағдайда

/uploads/thumbnail/20190227171209238_small.jpg

Алматы облысында «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде соңғы төрт жылда 36 мектеп, үш балабақша, үш қазандық, 244 км инженерлік жүйелер салынды. Инвестицияның жалпы сомасы 79,6 млрд. теңгені құрайды, 22,7 мың жұмыс орны құрылған. Бұл туралы бүгін өзінің есеп беру жиынында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты.

«Нұрлы жол» бағдарламасының арқасында облыстың транзиттік әлеуеті артып, автокөлік жолдарының сапасы жақсарды.

Облыс басшысы жыл сайын өңірде жолдарды жөндеу мен оларды күтіп ұстауға 30 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінетінін айтты.

Жиында сөз болғандай, биылғы жылы «Талдықорған - Өскемен», «Үшарал - Достық», «Күрті - Бурылбайтал», «Ұзынағаш - Отар» сияқты автожолдарды жаңғырту жобалары басталған. Сондай-ақ «Алтын Орда» базары аумағындағы жол 10 жолаққа дейін кеңейтілуде.

«Осы жобалардың өзіне 2019 жылы 50,6 млрд. теңге инвестиция игеріледі, 4,5 мың жұмыс орны құрылып, онда облыс тұрғындары жұмыс істейтін болады», - деді сөзін қорытындылап А. Баталов. 

Қатысты Мақалалар