Қазақ – сөз түбірі (өз түбі, сөздің атасы) Аз (Әз), ары қарай Қаз, Ақ (Әк), Аза, Азақ, Қазақ болып шығады.
Өздеріңіз көріп отырғандай, Қазақтың сөз түбірі Аз (Әз). Бүгінгі қазақ атанған елдің түп атасы осы Әз әулие. Бүгінгі күнгі әлемдегі адамзат мәдениетінің бастау алған жері деп, бүкіл дүние жүзі елдерімен толықтай мойындалған, ең үлкен құрылық атауының Аз-ия (Аз елі ме? деген сұраққа ия, дәл солай деп жауап береді) аталып жүргенінің сыры осы. Қазақтың осы сөзін бүкіл әлем елдері қолданады. Мысалы, Индия (Үнді елі ме, иә, дәл солай), Россия (Орыс па, ия дәл солай), Белоруссия, Албания, Түркмения, Англия, Франция т. т. болып жалғасып кете береді. Ал, «Иә» өз кезегінде Қазақтың - Бекарыс - Он екі ата Байұлы-Адай-Келімберді-Мұңал-Қият руынан шығып, кейіннен Қиян, Қият, Қидан, Қыпшақ, Қимақ атанған елдің атауы. Еске алайық, Қазақтың ұлы қағаны Шыңғысханнның тегі де осы Қият руынан болатын. Бұл тұжырым дауға жатпауға тиіс. Егер де, бүгінгі ұрпақтың бұны түсінуге шамасы жетпей, дауға айналдырып жатса, оны да түсінуге болады. Себебі, әрбір адам өз санасының, яғни ақылы мен білімінің жеткен жерінің «қонағы» болмақ. Ана тілін білмейтін, сөз мағынасын ұқпайтын, оны сыйламайтын, қадір-қасиетін түсіне алмайтын, таза «мәңгүртке» айналған орыс тілді ұрпаққа қандай өкпе болуы мүмкін! Бірақ, саналарыңды тірілте алсаңдар, әлі де кеш емес...
Тірілте алмасаңдар, онда әлем тарихынан «құр алақан» қаласыңдар. Себебі, Адам ата ұрпақтарының 70 000 жылғы тарихы бүгінгі біз сөйлеп жүрген қазақтың Ана тілінде жазылған. Адам Атаның қарашаңырағы Қаз Адайлар 70 000 жыл бойы осы тілде сөйлеп келеді. Біздердің күні бүгінде де бір-бірімізді адам деп атайтынымыз осыны білдіреді. Бүгінгі бүткіл жер бетіндегі ежелгі елдер мен топономикалық атаулардың барлығы қазақша атаулар. Олардың ешқайсысының өз елдері мен өздері тұрған мекендеріндегі топономикалық атауларының мағынасын білмейтіндерінің негізгі сыры да осы. Мысалы, мына көрші орыстар Орыс, Россия, Москва, Арбат, Саратов, Кемерова, Тюмень, Иркутск, Кавказ, Сібір, Урал, Астрахан, Кузбасс, Черкасск, Барышевка сияқты өздеріне тікелей қатысты атаулардың ешқайсысының түпкі мағыналарын білмейді. Білмейтін себебі, ол атауларды сол ел мен сол жерлерге қойғандар, бүгінгі орыс атанған елдің өзі емес, оларды солай атаған біздің ұлы аталарымыз. Тура бір ата-аналарының жаңа туған баласына «азан шақырып» ат қойғаны сияқты. Атаулардың мағынасы тек қана ата мен аналарына белгілі болғаны сияқты. Балаға мағынасын айтпасаң, әрине білмейді. Бұл тұжырымның жалғыз орыстарға емес, бүкіл әлем елдеріне қатысы бар. Себебі, Қазақ ең алғашқы ел, яғни Адам атаның «қарашаңырағының» иесі, ал өзге елдердің бәрі бізден (Қазақтан) енші алып, бөлініп тараған елдер болып табылады. Еске ұста! Ежелгі ұлы держава, яғни бүкіл әлем елдерінің түп атасы Көшпелі Қазақ елінің тілі еш бір елдің тілімен будандаспаған. Қысқасы, біздің ана тіліміз тарих сахнасынан кетер болса бүкіл әлем тарихынан айрылады.
Аталарымыз өздерінің асыл ұлдарына олардың тегі етіп құрметтеп берген лақап (мадақ) аты осы «ӘЗ» атамыз болып табылады. Мысалы, Әз Наурыз, Әз Түрік, Әз Жәнібек, Әз Тәуке, Әз-Захир (Бейбарыс сұлтан), Әзіреті Сұлтан (Қожа Ахмет Яссауи), Әзіреті Расул (Мұхаммед Пайғамбар), Әзіреті Әли, Әзіреті Омар, Әзіреті Оспан, Баба Түкті Шашты Әзиз, Баба Түктінің әкесі Керемет Әзіз, Әбдул Әзиз Баб (Алаша ханның әкесі), Қарабура Әз әулие (Бурахан Әзі), Әз Елбасы (Назарбай Нұрсұлтан Әбішұлы) т. т. болып жалғасып кете береді.
Әз сөзінің әлемге әйгілі ұлы аталарымыздың есімінен бұрын айтылатынының да, жазылатынының да сыры осы. Тағы да қайталап айтамын. Бұл есім Қазақ (Аз, Азақ, Азық, Азия, Азау (Азов), Азаулы, Қаз, Қазақ, Қазан, Қазар, Қазық, Қазақия, Қазақ ССР-і, Қазақстан) деген атпен бүгінге жеткен ұлы елдің түп атасы. Қазақ атауы түбірінің Аз болатыны тек қана осыны білдіреді. Бұл дауға жатпайтын тұжырым. Бұған дау айтып, сенімсіздік білдіргенің, сенің таза мәңгүртке айналғаныңды, яғни Адамзаттың атасы маймыл деген Дарвиннің «ілімін» толықтай басшылыққа алғаныңды білдіреді.
Тарих тағлымы: Бұл ұғымдардың барлығын дүниеге әкелгендер бүгінгі қазақ атанған елдің ата-бабалары, яғни «авторлық құқық» солардікі. Оны сен мойында, мойындама одан ештеңе өзгермейді. Сен олардың авторлық құқығын ешқашан тартып ала алмайсың.
Қазақ хандары мен қағандары бастарына киетін бас киімдерін Тәж деп атайды. Бұл Адам атаның (Адайдың) бірінші немересі Тәзіке (Әз әке, Таз әке) атамыздың есімі. Қазақ билеушілері, соған сәйкес бүкіл қазақ халқы аталары мен әкелерін осылай сыйлаған. Атаға деген құрметтің ең биік шыңы осы болса керек-ті. Бүкіл әлем елдерімен Қас би (Каспий) деп мойындалған ұлы аталарымыз тарихты бір ауыз сөзбен осылай жазған. Бұдан асқан даналық болуы мүмкін бе?
Қазақтың сөз жасау қағидасында «З» мен «Ж» дыбысы бір мағынада қолданыла береді. Мұндай бір, немесе балама мағына да қолданылатын дыбыстар тек қана «З» мен «Ж» емес. Бұл қағида бастауын А мен Ә дыбыcтарынан алады. Мысалы: Ад - Әд, МАД - МӘД, Ауа - Әуе, Асыл - Әсіл, Асем - Әсем, Ажа - Әже, Ас - Әс, Ары - Әрі, Али – Әли, Ақ - Әк, Аз - Әз, Таз - Тәз, Баз – Бәз, Наз-Нәз, Қазір - Кәзір т.т. болып кете береді.
Әз әулие атамыздың осы бүгінгі қазақ атанып жүрген ұлы елдің түп атасы екендігіне көзімізді толықтай жеткізу үшін Әз атамыздың есіміне байланысты ұғымдарды, яғни есімдер мен атауларды саралап көрелік:
«Қарабура Әз әулие есімі Қызылорда қаласындағы көшеге берілді» (Е. Әбіл «Егемен Қазақстан». 2010.- №4-5. 11қаңтар. 6 бет).
«Қалмады-ау Әз әулие сиынбаған» (Ертілеудің термесі).
«- Осы жұрттың есі ауысқан ғой деймін, сіңірі шыққан біреуді «Бекет!», «Бекет!» деп Әз әулие тұтады, бізден несі артық оның? – деп қызғаныш білдіреді» (Қабиболла Сыдиықұлының (1934-2001) «Бекет ата» кітабынан).
«Шыңғысхан, Әз Жәнібек, Айқарақ Керейхан, Тәуекел Хан, Абылай хандар не істеймін десе де қолдарында болды, бірақ мұндай тірлікке бармаған, олар Ел мүддесін барлық кезеңде жеке мүддеден жоғары қоя білген» (Ілесбек Байжанов. «Тектілер» – деп кімді айтады?).
«Атыңнан айналайын, әз Айыртау!» (Т. ЖАЛМҰРЗЕНОВ, «Қазақ жерінің хикметтері». Айыртау ауданы. «Алаш айнасы» газетінен).
«Қысқасы, Қосай-ерекше қадірлі әз әулие. Қосай ұрпақтары Қосайдың қабірін тауып, басына мазар көтеріліп, игілікті іс істеуде» (Көпбол Демесінұлы: «Адай тарихын екімыңжылдықтан әрі іздеу керек». 19 тамыз 2012 ж).
«Әз әулие мен Бәйті - 1980-жылдардың орта тұсында Үстірттен Бәйті кешені Үстірттің тегістігінде орналасқан үш қорғаннан тұрады» (С.Қондыбай. «Киелі Маңғыстау өңіріндегі әулиелер мен зиярат ету орындары»).
«...Әз сахабалардың өнегеге толы өмірінен, исламның негізгі қағидаттарынан алынған дүние» (Қ.Жолдыбайұлы: «Сопылық жолы – ауыр жол, ұстансаң оны тәуір жол...»).
«Сол өткен-кеткен әз-әулиелердің феноменін бүгінгі ғылым қаншама шарықтап дамыса да түсіндіріп бере алмай келе жатқаны және жасырын сыр емес» (Ш.Есенов ат. КМТИУ кітапханасы. Жаңай - Саназар әулие (Санекем) (туғанына 250 жыл).
«Азаттықпыз деп жүрген сендер цензура қолданасыңдар басқаларға не жорық, қорықсаңдар жауып тастаң, әз-әулие болмай». («Ереуілші мұнайшылар – алаңда, заңгері – Атырау түрмесінде». 13 желтоқсан 2011 ж. газеттен).
«Каир қаласында түркі халықтарына және тікелей қазақ тарихы мен мәдениетіне қатысты ғажайып сәулет ескерткіші Мысыр мен Сирияның XIII ғасырдағы ұлы билеушісі Сұлтан Әз-Захир Бейбарыс сұлтанның мешіті бар» (Ғаламтор діни саитінен).
«Халықтың ежелгі наным-сенімінде наурыздың алғашқы үш күнінде жер-көкті жарып ерекше дыбыс естіледі. Мұны тек қана жұмақтан шыққан қой, және оны бағып жүрген қойшы ғана естиді. Бұл күні бүкіл табиғатқа, тіршілік иесіне, өсімдік, жан – жануарға ерекше сезім, қуат, қасиет нұры құйылады. Сол себепті, халқымыз «Әз болмай, мәз болмайды» деген. Мәшһүр Жүсіп: «Қазақтың қазақ болғанда, өзіне арналған, сыбағасына тиген жалғыз мейрамы – наурызнама» — деген екен. Ал, Сәбит Дөнентаев – «Бұл мейрам — дін мейрамы емес, ұлт мейрамы» — деп айтқан. Римдіктер жылдың бірінші айын соғысқа тиым салушы құдай Мартиустың атымен «март» деп атаған» («Айтабер! Танымдық блогтұғыры» саитінен).
«Әз - наурыз. ...Әз сөзінің жақсы, игі деген мағынасы бар, осыған қарап, аяздың біткенін, жақсы күннің келгеніне балап әз атын қойса керек-ті. ...Осы мезгілде қазақ халқы жеті дәмнен құралған көже жасап, өзара қыдырысып, мәз болады, бұл дәстүрдің көптеген аудандарда қалпын бұзбай сақталғаны көпшілікке аян. ...Әз келгенде кір жуып, тырнақ алуға болмайды. «Әз келмей, мәз болмас, шаңқан келмей, бөз болмас, шағала келмей, жаз болмас». ...Әз дүркіреп өте шығады, әз кіргенде қой жайылмай көкке қарап тұрады. Жазғы тұрым сағым әсерінен бүкіл табиғат тұнық болып көрінеді» (Мәйек ерен базары саитінен).
«Жыл басы Әз-Наурыз. Сол себепті, халқымыз «Әз болмай, мәз болмайды» - дейді.
«Қош келдің, мерейлі әз Наурыз! Қазақтар бұл мейрамды Әз-Наурыз мейрамы - деп те атайды.
«Елбасы қазақстандықтарды Әз-Наурыз мейрамымен құттықтады».
«Тәуке хан, әз-Тәуке Мұхаммед Баһадүр».
«Әз-Зубайр ибн әл-Аууам. 594 жыл. Туылған жері: Мекке, Сауд Арабиясы. Қайтыс болған уақыты: 656 жыл».
«Әз сөзі туралы "Наурыз тойы" кітабынан оқығанымды жазайын. Ертеде көктемде қойшылар қар еріп біте бастаған кезде аспаннан көктің аздап күркірегенін байқайды екен. Ол бір қыстың бітіп көктемнің басталғанын білдіретін табиғаттың бір белгісі болса керек. Осы құбылысты "әз жүрді" деп атайды».
«Ұстазды атаңнан да әз тұт».
«Әз - таза деген сөз».
«Армысың, Әз баба» (кітап).
«Ала қалжың, ақтай күлкі Әз-шыны аралас ақ жарылған күлкі».
«Әз – Зәлзәлә - Дірілдеу, сілкіну), «Әз – Зәйтун – Жылы жақта өсетін сарғыш өсімдік» (Құран Кәрім аудармасынан).
«Көзі мықты: а) соқыр болды, әз болды» (Фразеологиялық сөздіктен).
«Жүрегіне әз-ұлты үшін білім нұрды жинаған» (Әз сөзінің мағынасы саитінен).
«Осындай пікірді әл-Мәзири, әз-Зурқани секілді және т.б. имамдар айтқан» («Мұсылман» саитінен).
«Аллаһ әр нәрсеге кепіл» ( Құран Кәрім. Әз – Зүмәр сүресі; 62).
«Жындар мен адамзатты Өзіме құлшылық қылулары үшін ғана жараттым» (Әз-Зәрият сүресі; 56).
«Мұнымен қоса сол мәселедегі әз сахабалардың айтқан сөздері мен берген» (Имам Ағзам Әбу Ханифа).
«Кезінде «Жеті адамға жан берген» атанған әз Мүсірәлі пірмен бірге...» (Осы жұрт Әлмеректі біле ме екен?).
- Әз көзі көрмейтін (соқыр) адам деген мағынада да қолданылады. Бұл адамзат санасы дамуының бастапқы кезеңінің балама атауы. Адамдардың білімсіз және аз кезі.
- Әз (Аз) ата есімі адам есімдерінің барлығының алдында бірінші болып аталатыны Әздің бүкіл қазақ атанған елдің түп атасы екендігін білдіреді. Ал Бурахан Әзі дегенімізде Бурахан Әз атамыздың баласы деп тұр. Себебі, қазақта «и», «й», «ы», «і» дыбыстары баласы, ұрпағы деген мағынада қолданылады. Мысалы, Бөрте Бөрі (Шыңғысханның арғы атасы Бөрте Бөрінің (Алшынның) баласы, Әбубәкір Кердері (Әбубәкір Кердерінің баласы), Қадыр Мырза-Әлі, Жүгінекі, Тұңғышбай Әл Таразы, Әкім Тарази, Тоқтамыс Жары т.т. болып кете береді.
- Әз әулие Маңғыстаудағы 360 әулиенің ең бірінші бас әулиесі, яғни ол бүгінгі күнге Қазақ деген атпен жеткен елдің түп атасы.
- Әз атамыздың есімі жоғарыда көрсетілгендей жаныңа ең жақын, әзиз де аяулы, данышпан және ардақты адам деген мағынада қолданылады.
- Әз атамыздың есімінен төмендегідей ұғымдар дүниеге келді: а. Әз (Әз ата), Әзи (Әздің баласы), Әзиз (ең аяулы жан), Әзім (менің Әз атам), Әзір (әзір болды), Әзірет (Әзіреті Сұлтан), Әзірлеу (дайындау), Әзіл (әзілқой, әзілдеу), Әз болу (көрмей қалу), Әзер (әрең), Мәз (қуану), Мәзір (ас мәзірі), Уәзір (қазақ хандарының бас уәзірі және қырық ақылшы, кеңесшілері), Кәзір (уақыт), Жәзира (кең дала), Әл Жазира (Араб баспасөзі), Әзірбайжан (ұлт атауы), Тәзіке (Әз атамыздың лақап есімі, Адай атаның бірінші немересі), Әз әке, Әз Наурыз (Әздің баласы Наурыз), Әз Жәнібек (Әздің баласы Жәнібек), Әз Тәуке, Әздер (Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі зікіршілер мен арнайы азан шақыратын азаншылар), Нәзік, Нәзира, Нәзипа, Уәзипа, Жәзира, Әзімгүл, Әзірхан, Әзірбай (адам есімдері), т.т. болып кете береді.
ә. Аз (Әз ата), Ази (Аздың баласы), Азиа (Азия құрылығы), Азақ, Азан, Азар, Азау (Азаулы елі мен Азау (Азов) теңізі, Азық, Қаз, Қазақ, Қазан, Қазар, Қазық, Қазақия, Қазақ ССР-і, Қазақстан біздің елдің әр кезеңдердегі атаулары; Таз - а. ру аты, ә. басына шаш шықпаған, немесе шашы аз адам, Тазша бала, Газ, Саз (әуен), Саз сырнай (музыкалық үрмелі аспап), Сазгер, Баз (баз кешу), Наз (наздану), Назым, Қазым, Жазым (адам есімі), Азық, Қазық, Қазу, Қазына, Қазірет, Қазине, Қаз тұру, Қаз басу, Қаз-Қаз басу, Қаза (қаза болу), Жаза (жазалау), Таза (тазалау) т.т. Осы ұғымдардың барлығының авторы біздің Әз атамыздың ұрпақтары болып табылады. Бұл дауға жатпайды.
Ақ (Ағ) – Ақиқат (шындық) пен Ағаның сөз түбірі. Осы түбірден ең асыл сөздер құралады. Мысалы, ананың ақ сүті, ақ неке, ақ орамал, ақ ниет, ақ тілек, ақ жол, ақ адал мал, ақша қар, аға, ағару, ақыл т.т. болып кете береді. Бұл ұғым Адай шежіресінде Адам Атаның бесінші буын ұрпағы Ақпан есімімен хатталған. Бүгінгі қазақтың сөздік қорындағы «бестік» баға алғандар осылар. Маңғыстаудың бас қаласының Ақтау аталып жүргенінің де сыры осы. Бұл дауға жатпайды.
Аза – Аза тұту (қайғыру, жоқтау), таза, қаза, жаза, наза т.т.
Азақ – Қазақ деп аталмастан бұрынғы біздің елдің ежелгі атауы. Бұл есімнің Азау (Азов теңізі), Азаулы елі, Азық деген нұсқалары да бар.
- Ежелгі жазбалардың бәрінде қазақ хандарының 40 уәзірі болатындығы айтылады. Қасиетті Қырық саны Құнанорыстардың лақап аты. Бұл жерде өздеріңіз көріп отырғандай Уәзірдің сөз түбірі Әз, яғни Уә (Уа), Әз, Ір (бір, пір) деген біріккен сөздерден тұрады. Үшеуі де бастау, яғни бірінші деген мағына береді. Мысалы, Уа, Халайық! Уа, Батыр! Уа, Жамағат!. Әзіміз сірә Әз, бүкіл әлем елдерінің Қаз ағасы. Бір (бірінші) мен Пірге (ұстаз) түсінік берудің өзі артық.
«142. Әрі Біз Мұсаға отыз түн (белгілеп), уәде еттік. Кейін оны онмен толықтырдық. Оның Раббысы белгілеген уақыт қырық күнге толды. Мұса бауыры Һарунға: «Елде менің орныма қалып түзуле (туралыққа шақыр) және бұзушы-бүлдірушілердің жолына ерме», - деді (Әл-Аъраф сүресі). Тәпсір: 30 саны Нұқ пайғамбардың руы Қосайлардың сандық атауы. Ал, он саны Адай атаның қарашаңырағы Мұңалдардың (Монғолдардың) сандық атауы. Екеуі қосылып қасиетті Ғайып Ерен Қырық Шілтенді және сонымен қатар қазақ хандары мен қағандарының 40 уәзірін құрап отыр. Күні кешеге дейінгі бүкіл әлем елдерін жақсылыққа жетелеген, хан мен қағандардың Хақ жолдан ауытқымауына кепіл болған осы 40 уәзірлер болатын. Олар кезінде бүкіл әлем Әз тұтқан, Маңғыстаудың 360 әулиесінің бас әулиесі, яғни қазақ деген атаумен бүгінгі күнге жеткен ұлы елдің түп атасы Әз әулиенің ізін жалғаған, ұлы кемеңгерлер болды. Қасиетті Құран Кәрімнің тағы бір аятының сырын ашу маған бұйырған екен.
- Жоғарыда айтқанымдай, түп атамыз Әздің ең бірінші деген мағынасы бар. Жыл басы Наурыз атамыздың есімінің алдында Әз атамыздың есімінің аталатыны Наурыздың да (Нұх пайғамбардың) Әз атамыздың ұрпағы екендігін білдіреді. Наурыздың Нұх пайғамбардың лақап аты екендігінің айдай айғағы Маңғыстаулықтардың малға жем салатын, немесе су құятын астауды Науа деп атауы болып табылады. Науа (Наурыз) бұл жерде кеменің балама мағынасын беріп тұр.
- Ежелгі аңыздардың бәрінде де Әз күнін тек қана жұмақтан шыққан қой, және оны бағып жүрген қойшы ғана естиді делінеді. Міне осы аңыз Қазақ деген атпен бүгінгі күнге жеткен елдің түп атасы Әз әулие атамыздың ғұмыр кешкен жері де, моласы да Маңғыстауда екенін айғақтай алады. Ең алғаш даланың жабайы аңын қолға үйретіп, қойға айналдырған Шопан атаның моласы да осы өңірде.
- Әз әулие қорымы орналасқан Үстірт өңірі (қыр) аты айтып тұрғандай бүкіл жер бетіндегі ең үлкен құрылық Әз (Аз) атамыздың елі орналасқан Аз-ия құрылығының орталығы болып табылады. Үстірттің ежелгі атауы Сынды. Ол қазір шетел жазбаларында Синай тауы деп жазылып жүр. Кезінде осы жерде әлем астанасы Сион қаласы болған.
- Нұқ пайғамбар заманында адам баласы азғындап, олар Алланың бұйрығымен топан суға қарық болғанда, сол апаттан Алланың қалауымен кемеге мініп аман қалған Аз (Әз) халық.
- Әз әулие қорымы Маңғыстаудың қара ойы мен қырдың шекара биік ернеуіне жақын жерде. Ежелгі Есен-Қазақ хандығының астанасы болған өңірдегі Сисем ата қорымынан 24 км жерде орналасқан. Қорым төбе басындағы ескі тас үйіндісінен тұрады. Басына «Әз» деген жазбасы бар, тас белгі қойылған. Кейбірінде Адайдың «жебе» таңбасы салынған, аумағы 50 x 100 метр шамасында. Қорымның өте ескі замандардан қалған жәдігер екендігі айқын байқалады.
Әз әулие қорымы орналасқан аймақты адамзаттың ең алғашқы ұлы мәдениетін дүниеге әкелген, бүкіл әлем елдері өз тектерін тарататын ежелгі МАД (Ман Адай) патшалығының астанасы болған деп те батыл тұжырым жасай аламыз. Себебі, Ман ата бейіті де, Адайлардың «Астана» қорымы Сисем ата да, Адайдың атақты пірі Бекет ата жатқан Оғланды (Оғыз) атамыздың қорымы да, ең ежелгі Бәйіті мен Қара Мөңке кешендері де, ең алғашқы архарды қолға үйретіп қойға айналдырған Шопан ата қорымы да, тіпті ең алғашқы ағын суға өзен деп өз есімін берген Өзен (Бұзау) атамыздың атындағы қала да осы аймақта. Бұл аймақ ежелгі Бұзау (Жеменей) елі Бозашы мен Ақшымырау, Адайлардың қарашаңырақ иелері Мұңал Жарылардың мекені Қызанмен көрші. Ақшымырау да Бұзау-Жеменейлер, Қызанда Мұңал Жарылар күні бүгінде де мекендейді. Бұл өңірдегі ежелгі қорымдардың барлығы дерлік осы рулардың рулық қойымдары.
- Демек, МАД патшалығының негізін қалаған Ман Адайлар бұл жерде патшалық құра бастағанда Қас би теңізінің жағалау толқыны осы қырдың жиегіне соғып жатқан, яғни ол кезең де Маңғыстаудың қара ойында су болған. Ал Маңғыстаудың қара ойының суы тартылуы соңғы Нұх пайғамбар заманынан бергі дәуірлер ішінде болған өзгерістер деп батыл тұжырым жасай аламыз.
- Маңғыстауды мекендеген ең алғашқы Адам Ата, Ман ата қауымы мен олардың қарашаңырағы Әз әулие атамыздың елі де, олар құрған әлемдік ұлы держава МАД патшалығы да осы біз сөйлеп жүрген қазақтың Ана тілінде сөйлеген.
Қазақ халқы бүгінгі күнге басында Аз (Әз), Азақ, Азан, Азар, Азық, Азау, Азаулы, Азия (Әзиә) Қаз, Қазақ, Қазан, Қазар, Қазық, Қазақия, Қазақ ССР-і, Қазақстан болып бүгінгі күнге жеттік. Сан мыңдаған жылдардан бері қазақ халқы «мың өліп, мың тіріліп» осы түп атасының атынан айрылмай келеді. Жоғарыда көрсеткенімдей, Қазақ елінің түп атасы Әз әулие. Күні бүгіндегі тарихта аттары қалған Азаулы елі мен Азау (Азов) теңізінің аттары да солардан қалды. Әлемдегі ең үлкен құрылықтың Аз-ия (Иә, ежелгі Қият (Қиян) руы атауының сөз түбірі, бұл жерде сонымен бірге «Иә, дәл солай» деген мағынада қолданылып тұр) аталуы да осыдан. Ежелгі жыр-дастандардың бәрінде де, тіпті күні бүгінгі жергілікті қазақтардың сөзінде Манқыстауды мекендеген 360 әулиенің ішіндегі ең ерекше қастерлісі осы Әз әулие делінеді. Күні бүгінгі сөздік қорымызда да «Ол не соншама, Әз әулие ме?», «Неге сен оны соншама, Әз әулие қылып отырсың?», немесе «Тасташы әрі, Әз әулие қылмай?» деген сөз тіркестерін жергілікті халық жиі қолданады. Демек, осы әулиелердің ең біріншісі де, ең ұлысы да, ең қасиеттісі де Қазақ деген атпен бүгінгі күнге жеткен елдің негізін қалаған, түп атамыз осы Әз әулие. Қазақта осы атамыздың есімі данышпан, әзіз (ең аяулы) жан деген мағына да қолданылады. Қазақтың асыл ұлдарына халықтың құрметтеп берген лақап (мадақ) аты осы «ӘЗ» атамыздың есімі. Мысалы, Әз Наурыз, Әз Түрік, Әз Жәнібек, Әз Тәуке, Әзіреті Сұлтан (Қожа Ахмет Яссауи), Әзіреті Расул (Мұхаммед Пайғамбар), Баба Түкті Шашты Әзиз, Әбдул Әзиз Баб, Қарабура Әз әулие (Бурахан Әзі) т. б. болып жалғасып кете береді. Әз атамыздың әулеттері көбейіп ел аталып, мемлекетке айналған кезде олар өздерін енді «Аз» емес «Қаз» деп атап осы сөзге бүкіл елдің, мемлекеттің негізгі айрықша белгілерін сыйғызды. Ал, Аз-дың алдында тұрған «Қа» буыны Қар мен Қара деген мағына береді. Себебі, біріншіден Қар (ақша қар) Аға мен Ақиқаттың балама атауы, екіншіден Қара (қар мен қара) аралас, ала деген мағынада қолданылады. Қазақтың Алаш, Алты Алаш ұғымдарының бастауы осы. Міне осылайша, «Қазақ» деген бір ауыз сөзге осы сөзді ойлап тауып дүниеге әкелген елдің барлық болмысы, тарихы, мемлекеттік құрылымы:
- Қаз тұру, қаз басу, қаз-қаз басу, қаза болу (адам өмірі);
- Қазық (а. Қағылған орнынан қозғалмайтын қазық; ә. Орнынан қозғалмайтын қазық жұрт, яғни мәңгі ел);
- Түп қазық (Қазақ елі бүкіл әлем елдерінің түп қазығы);
- Темірқазық – а. Орнынан қозғалмайтын аспандағы жұлдыз. Қараңғы түнде адасқан жандар осы жұлдызға қарап жол табады. ә. Балама мағынасы, мәдениеті адасқан (азған) елдер қазық жұртқа қарап жол табады. Адамның (елдің) ұстанған бағыты (адам баласы бірігіп ел болуға тиіс. Мақал: «Жалғыз ағаш орман емес»);
- Қазы (мемлекеттегі әділ билік). Адасқан елдерге де, адамдарға да біздің аталарымыз ғана төрелік жасауға құқылы болған;
- Қази, қазірет (дін, ар, иман);
- Қазине (құдірет);
- Қазауат (мұсылман діні үшін жүргізілген қасиетті соғыс);
- Қазына (мемлекет мүлкі, байлығы);
- Қазу (елді сумен қамтамасыз ету);
- Қазбалау (өткен тарихқа үңілу);
- Қазғану (күресу);
- Қазір (уақыт өлшемі, қазірге дейін (өткен шақ), қазір (осы шақ), қазірден кейін (келер шақ); Қаз бір, Қаз пір деген екі біріккен сөзден құралған.
- Қаз-қатар (ең бірінші дүниеге келген қазақ елінің артынан қаз-қатар тізіліп өзге елдердің дүниеге келуі, қатардың басында өзге ел емес Қаздың тұруы тек қана осыны білдіреді);
- Қаз-қалпында (айнымайтын алғашқы бейнесінде. Қаз елі әу баста қалай болды, күні бүгінде де сол қалпында);
- Қазақи (қазақ үлгісі бойынша жасалған);
- Қазар (а. Қаз – ар (Қаз ардың, яғни сөз түбірінде Ар деген ұғымы бар барлық рулар, тайпалар, елдер мен мемлекеттердің атасы. Мысалы, Ақ (аға) Арыс, Жан Арыс, Бек Арыс, Арап, Парсы, Қазар қағанаты, Қазар (Қас би) теңізі т.т. );
- Қазан (а. Күз айы: егіннің пісіп, малдың семіріп қоймаға, қазанға түсетін мезгілі, яғни адамның да, мемлекеттің де әл-ауқаты, ішер асы; ә. Отқа шыдамды ас пісіретін ыдыс; б. ел, жұрт (Қазан хандығы));
- Азан-Қазан – барлық әлем елдері, яғни Қаздың інілері мен ұрпақтары, бастау кезеңнен ғасырлар (100 жыл) мен дәуірлер (1000 жыл) өткен сайын аралары алшақтап, тілдері бөлектеніп бірін-бірі түсінбей, у-шу болып кеткен кезеңі);
- Қазақ (а. Қаз ақ (аға)- Әлем елдерінің ағасы; ә. Қаз ақ - Ақиқаттың атасы, Қазақ елі),
- Қазақ – Қаз ақ (Ақ Қаз – ең қасиетті, киелі құс); Атам Қазақтың «Ақ Қу менен Қаз, Адай менен Таз егіз» дейтін мақалдарының сыры осы.
- Ата Қаз – (Ақ Қаздың балама атауы, ал елге байланыстысы Қаз әлем елдерінің атасы);
- Қапқаз (Кавказ) – (а. Сөз түбірі Ап (апа) пен Аз (Қаз), яғни қазақтың апасы (анасы) мен атасының атындағы тау. ә. Жерді қоршап тұрған ұлы биіктік, Қазақтың ұлы тауы; б. Қапы, Қазақтың қақпасы) түгел сыйып тұр. Сөз түсінген адамға бұдан асқан даналық болуы мүмкін бе?! Жер бетіндегі қай елдің атауы осындай мән-мағынаға ие бола алады?! Жарайсыңдар, аталарым! Сөз жасасаң, осылай жаса! Тарих жазсаң осылай жаз!
Бұл жерде бізді ойландыратын басты бір мәселе бар. Ол қазақ халқының өз елінің орталығын Астана, Астана жұрт деп атайтындығы. Өздеріңіз көріп отырғандай, А-стан-а атауының құрамында, яғни қақ ортасында Стан деген түбір сөз тұр. Демек, «стан» біздің төл сөзіміз. Бұл атау кезінде қазақ даласының орталығы, яғни Орталық Қазақстан облысындағы Қазығұрт (Қазық жұрт) тауында дүниеге келген. Нұқ пайғамбардың кемесі тоқтаған Жуды тауының басы ең алғашқы «стан» (екі-үш күрке және уақытша тұрақ) болды.
Қазақта «Стан» деген түбір сөз тек қана екінші буында қолданылады. Астана, астан (ауру астан, дау қарындастан), дастан, жастан, бастан (О, бастан-ақ), оқыстан, ұстану, ұстанбау, бостандық, ластану т.т. болып кете береді. Яғни, адам баласының мынау тіршілігі қайдан? басталды деген сұраққа Нұқ пайғамбардың алғашқы тұрағы «Станнан» - Түркістаннан басталды деп жауап береді. Олардың сол кеме тоқтаған жерден кейінгі қоныстанған жері, яғни қос-қостан үй тіккен жері Қостанай. Сол қосты тіккендер Адайдың үшінші буын ұрпағы және екінші немересі Қосайлар. Бұл ұғымдардың барлығының сөз түбірі (өз түбі, атасы) Ос болатыны осыдан. Бұл дауға да, күмәнға да жатуға тиіс емес. Енді осының қасына Қостанай қаласының ортасын қақ жарып өтетін өзен атауының Тобыл (Тобыш - Адай атаның тоғызыншы буын ұрпағы) және сол облыста Адай атты жер мен Адай атты елді мекен бар екенін қосып қойыңыз.
Соған сәйкес, орыс тілінде «станица» (үй саны 2-3 үйден тұратын кішкентай елді мекен) және уақытша тұрақ «станция» (поездардың 5-10 минут аялдап өтетін жері), полевой стан (егіншілердің уақытша тұрағы), «охотничьи стан» (аңды бір жерде жатып мәңгі ауламайсың), «сенокосный стан» (бір жердің шөбін мәңгі шаппайсың, 2-3 күннен кейін басқа жерге ауып қонасың) делінсе, бұл сөз парсы тілінде сол елдің шет аймағындағы көлемі кішкентай елді мекен (провинция) дегенді білдіреді.
Осыған сәйкес ең алғашқы кеме тоқтап, кемедегілердің тұрақтаған жері мен елі Астана жұрт деп аталып келеді. Осы үлгіні басшылыққа алған бүкіл әлем елдері өз елдерінің басқару жүйесі орналасқан қаласын Астана немесе Бас қала деп атайды. Астанасы (бас қаласы) жоқ ел болмайды.
Демек, келешек те Маңғыстау мен Түркістанды бүкіл әлем елдерінің рухани астанасына айналдыру және оны мойындату келер ұрпақтың абыройлы борышы болмақ.
Тарих тағлымы: «Қазақ» деген бір ауыз сөзге адамның да, осы сөзді ойлап тауып дүниеге әкелген елдің де барлық болмысы, мемлекеттік құрылымы: Қаз тұру, қаз басу, қаз-қаз басу, қаза болу (адам өмірі); Қазық, түп қазық (Қазақ елі бүкіл әлем елдерінің түп қазығы), Темірқазық - ұстанған бағыты (адам баласы бірігіп ел болуға тиіс. Мақал: «Жалғыз ағаш орман емес»), Қазы (мемлекеттегі әділ билік), Қази, қазырет (дін, ар, иман), Қазине (құдірет), Қазауат (мұсылман діні үшін жүргізілген қасиетті соғыс), Қазына (мемлекет мүлкі, байлығы), Қазу (елді сумен қамтамасыз ету), Қазбалау (өткен тарихқа үңілу), Қазғану (қазақ болу үшін күресу), Қазір (уақыт өлшемі), Қазан (а. Күз айы: егіннің пісіп, малдың семіріп қоймаға, қазанға түсетін мезгілі, яғни адамның да, мемлекеттің де әл-ауқаты, ішер асы; ә. Отқа шыдамды ас пісіретін ыдыс; б. ел, жұрт), Қаз-қатар (ең бірінші дүниеге келген қазақ елінің артынан қаз-қатар тізіліп өзге елдердің дүниеге келуі), Қаз-қалпында (сол алғашқы өзгермеген бейнесінде), Қазақи (қазақ үлгісі бойынша жасалған) түгел сыйып тұр. Сөз түсінген адамға бұдан асқан даналық болуы мүмкін бе?! Жер бетіндегі қай елдің атауы осындай мән-мағынаға ие бола алады?! Бүткіл жер бетінде атауы дәл осындай мағына беретін бірде-бір ел болып көрмеген, бола да алмайды.
Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім, Маңғыстау
Пікір қалдыру