Бүгін Алматы қаласында Ұлттық рәміздер күніне орай Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті. Салтанатты шара әйгілі "Медеу" спорт кешенінде ұйымдастырылды.
Іс-шараға Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды қатысты.
Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі – қазақстандықтардың патриоттық рухын арттыруға және ұлттық құндылықтарды ұлықтауға бағытталған маңызды шаралардың бірі болып саналады.