Ұлттық қор: Қанша балаға қаржылай қолдау көрсетілді?

/uploads/thumbnail/20250602132720454_big.webp

"Ұлттық қор – балаларға" бастамасы аясында 7 миллионға жуық баланың болашағына қаржы жинала бастады. Бағдарлама ресми түрде 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылды. Жобаға сәйкес, 2006 жылдан кейін туған әрбір балаға Ұлттық қордың инвестициялық табысынан жыл сайын қаражат аударылады.

Қаржы министрлігінің дерегінше, 2023 жылдың қорытындысы бойынша бағдарламаға 6 919 131 бала (2006–2023 жылдар аралығында туғандар) қатысқан. Олардың әрқайсысының шотына 100,52 АҚШ доллары көлемінде қаржы есептелген. Жалпы сома 695,5 млн долларды құрады.

2024 жылы сол балалардың ішінен 304 815-і 18 жасқа толып, олардың шотына 30,6 млн доллар аударылған. Ал 2025 жылы қатысушылар саны 6 921 035 балаға жетті. Биыл 324 430 жасөспірім 18-ге толады, оларға аударылатын қаржы көлемі – 129,38 доллардан.

Айта кетейік, бұл қаражат бала 18 жасқа толғанға дейін жиналады және кейін оны тұрғын үй алуға немесе жоғары білім ақысын төлеуге пайдалануға болады.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар