1 маусымнан бастап қысқы дөңгелекпен жүруге тыйым салынады
2025 жылдың 1 маусымынан бастап автокөлік жүргізушілеріне қысқы, соның ішінде тікенекті дөңгелектермен жүруге заң жүзінде тыйым салынады. Бұл талап Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 590-бабы, 5-тармағына сәйкес жүзеге асырылады. Онда техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін көлік құралдарын басқаруға тыйым салынатыны көрсетілген.
Қысқы дөңгелекпен жүргені үшін айыппұл қарастырылған:
-
Алғашқы құқықбұзушылық үшін — 5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде, яғни 19 145 теңге айыппұл салынады;
-
Қайталанған жағдайда — айыппұл мөлшері 20 АЕК-ке дейін өсіп, 76 580 теңгеге жетеді.
Неге тыйым салынған?
Жаз мезгілінде қысқы және тікенекті дөңгелектерді пайдалану:
-
Жол жабындысын зақымдайды;
-
Ыстық ауа райында жол бетіне артық қысым түсіреді;
-
Автокөліктің басқару мүмкіндігін нашарлатады;
-
Жанармай шығынын арттырады;
-
Дөңгелек тез тозады.
Қысқы дөңгелекті қашан ауыстыру керек?
Қолданыстағы талаптарға сәйкес, тікенекті қысқы дөңгелектерді пайдалану мерзімі — 1 желтоқсаннан 1 наурызға дейін. Бірақ нақты мерзім өңірлердегі ауа райының жағдайына байланысты өзгеруі мүмкін.
Жазғы дөңгелекке ауысу үшін сыртқы ауа температурасы орта есеппен +5 °C және одан жоғары деңгейде тұрақты болуы тиіс. Себебі қысқы дөңгелек жылы ауа райында жұмсарып, өз қасиетін жоғалтады.