Әкімдер 2 жыл ішінде нәтижесін көрсетпесе, қызметтен кетуі тиіс – депутат бастама көтерді

/uploads/thumbnail/20250602150820289_big.webp

Қазақстанда әкімдер үшін екі жылдық сынақ мерзімін енгізу ұсынылды

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек әкімдерге қатысты жаңа бастама ұсынды. Ол облыс, қала және аудан әкімдері үшін екі жылдық сынақ мерзімін енгізуді талап етті.

Депутаттың айтуынша, осы сынақ мерзімі аяқталғаннан кейін әкімнің жұмысы нақты макроэкономикалық көрсеткіштерге сүйене отырып бағалануы тиіс.

"Егер нәтиже болмаса — әкім қызметінен кетуі керек. Бұл — тиімсіз жұмыстың белгісі. Халық дәл осындай түбегейлі өзгерісті күтіп отыр деп есептеймін", — деді Базарбек Мәжілісте өткен Үкімет сағатында.

  • 2024 жылдан бастап барлық аудан әкімдерін халық тікелей сайлайтын жүйе енгізілді.

  • Шығыс Қазақстан облысында қала және аудан әкімдерінің қызметі KPI көрсеткіштері негізінде бағаланады.

  • Сондай-ақ, биыл сәуір айында Еуразиялық интеграция институтында әкімдерді тікелей сайлау институтын дамыту мәселесі талқыланды.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар