Жаңа ереже: Әкімдердің қолына қандай өкілеттік тиеді?

/uploads/thumbnail/20250605114430114_big.webp

Қазақстанда "ерікті" жасақтар мен "өзін-өзі қорғау" ұғымы енгізіледі

Қазақстанда жаңа заң қабылданбақ. Бұл заң аумақтық қорғаныс деп аталады. Яғни, елде төтенше жағдай болса немесе қауіп төнсе, әр өңір өзін-өзі қорғауға дайын болуы керек.

Ең басты жаңалықтар:

  • Заңда "еріктілер" мен "өзін-өзі қорғау жасақтары" туралы ұғымдар енгізіледі.

  • Әр облыс пен қалада әкім аумақтық қорғаныс басшысы болады. Яғни, сол өңірдің қауіпсіздігі үшін әкім тікелей жауап береді.

  • Қорғаныс министрлігі — осы жүйені басқаратын негізгі орган. Ол ережелерді жасайды, қару-жарақпен қамтамасыз етеді.

  • Жаңа заң қабылданған соң, қосымша Президент жарлығы және жабық арнайы ережелер қабылданады. Олар әкім мен министрліктің нақты не істеу керек екенін анықтайды.

Егер елде қауіп туса (мысалы, соғыс, шабуыл, тәртіпсіздік, төтенше жағдай), әр өңір өздігінен қорғануға дайын болуы керек. Осы заң соны реттейді.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар