БҚО-да экс-судья Руслан Жұмағұловқа қатысты сот үкімі шықты

/uploads/thumbnail/20250604112242668_big.webp

2024 жылы ұсталған Орал қалалық сотының бұрынғы төрағасы Руслан Жұмағұловқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі аяқталды. Іс Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық сотында қаралды.

Айыпталушылар қатарында Жұмағұловпен бірге тағы бір адам – адвокат та болды. Экс-судьяға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі және 190-бабы 3-бөлімінің 2-тармағы ("Алаяқтыққа оқталу") бойынша айып тағылды. Ал адвокатқа қатысты іс 190-баптың 2-бөлімінің 3-тармағы, 24-баптың 3-бөлігі, 28-баптың 4-бөлігі және 367-баптың 2-бөлігі бойынша қаралды.

Сот үкімімен Руслан Жұмағұлов кінәлі деп танылып, оған 2 жыл 7 ай 15 күнге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Процесс барысында ол үй қамақта болған. Алайда үкім жарияланғаннан кейін сот оны сот залында қамауға алу туралы шешім шығарды.

Айта кетейік, үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар