Батыс Қазақстан облысында 15 өзбек азаматы мінген микроавтобус жолдың шетіне шығып кеткен. Бұл жайында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов мәлімдеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
«4 наурыз күні сағат 01:00 шамасында Самара-Шымкент тас жолының 431 шақырымында Сырым ауданында жол апаты орын алды. Жүргізуші рөлге ие бола алмай, микроавтобус жолдың шетіне шығып кеткен. Автобус салонында 15 өзбек азаматы болған», - деп айтты Нұрсұлтан Нұрахметов.
Белгілі болғандай, қаза болған адамдар мен қатты зардап шеккендер жоқ.
Ұсынған: Назерке Лабихан